Шымкентте газдан бір әйел өліп, екеуі ауыр жағдайда жатыр
Шымкентте газ қондырғысындағы ақаудан бір әйел көз жұмып, 25 жастағы келіншек пен оның бес жасар қызы ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Оқиға кеше кешкісін көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Автор: Бек Әбиев
17.09.2021
Марат Кәкенов, дәрігер-токсиколог:
- Кішкентай қыз ес-түссіз 1-ші комамен түсті. Жансақтау бөлімінде жатыр. Анасы есін жиды. Жағдайы әзірге орташа. Оттегі терапия емін қабылдап жатыр. Үш-төрт күн тағы жатуы керек.
Пәтерде үш адам болған. Қайтыс болған әйел мен ауруханаға түскендер бір-біріне туыс. Олар кешкісін шомылу үшін су жылытқыш газ құрылғысын қосады. Бірақ қондырғы дұрыс істемей өшіп қалған. Содан шыққан иіске тұншығып уланып қалған.
101 қызметі мен жедел-жәрдемді көршілері шақырыпты. Құтқарушылар есікті бұзып ашқан. Төтенше жағлдайлар департаменті газбен істейтін құрылғыларды қолданғанда аса сақ болуды ескертеді.
Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қаласы ТЖД бас маманы:
- Су жылытатын газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы салдарынан болды деген болжам бар. 1966 жылғы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Нақты себебі сараптамадан кейін беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!