{metadescription}
Степногордағы өртті сөндіруге кәсіпорын мен серіктестіктер жұмылдырылды
Степногордағы өртті сөндіруге кәсіпорын мен серіктестіктер жұмылдырылды

Степногордағы өртті сөндіруге кәсіпорын мен серіктестіктер жұмылдырылды

Степногорда алапат өрттен 58 саяжай мен үш тұрғын үй жанып кетті. Өрт құтқарушыларға ерік бермей, жергілікті кәсіпорындар мен серіктестіктер көмекке келген. Адам шығыны жоқ.

Қатты желдің екпінімен күш алған өрт Вавилова саяжайына бет алған. Бақшасында алаңсыз жүрген тұрғындар әрең қашып үлгерген. Қурап тұрған ағаш та, шөп те көзді ашып-жұмғанша жанып кеткен. Құтқарушылар жеткенше өрт біраз аумақты шарпып үлгерген. Үш жарым гектар жердегі 58 саяжай түк қалмай жанып кетті. Үш тұрғын үй күлге айналды. Қызыл жалынды ауыздықтауға Степногор қалалық су арнасынан бастап үш зауыт пен жеке серіктестіктер көмекке келген. Алайда бау-бақшадағы өнім мен  саяжайдағы үй-жайларды құтқарып қалу мүмкін болмады.

Ерлан Айдрахманов, Степногор қалалық ТЖБ бастығы:

Алдымен қала маңындағы алаңқай жердегі құрғақ шөп өртене бастады.  Барлық күш құрылымдары жабылып сөндірді. Жеке кәсіпорындар да көмекке келді. Өрттің неден тұтанғанын анықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.