Меңтай Өтепбергенов 30 бойы жыл жинаған жәдігерлерінің көрмесі ашылды
Белгілі актер Меңтай Өтепбергеновтің 75 жылдық мерейтойына орай Алматыда ерекше көрме ашылды. Онда марқұмның көзі тірісінде жинаған коллекциясы ұсынылған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
20.09.2021
Ажар Тілеубаева, Меңтай Өтепбергеновтің келіні:
- Көрме ұйымдастыру идеясы осыдан үш ай бұрын келді. Содан бері дайындық жүргіздік. Мұнда әкеміздің жылдар бойы жинаған ескі кинокамералары, фотоаппараттары, пластинкалары, актерлердің суреттері, құттықтау қағаздары мен кино туралы монеталары қойылған.
Киномен байланысты жәдігерді Меңтай Өтепбергенов 30 жыл бойы жинаған. Сондай-ақ көрмеге актердің немересі Ерсұлтан Меңтаевтың фотосуреттері де қойылған. Жас талант 60-тан астам жұмысын атасының рухына арнапты. Меңтай Өтепбергеновтің ұрпағы енді осы көрмемен еліміздің барлық қаласын аралап шығуды жоспарлап отыр.
Марқұм көрермен есінде «Ақ шаман», «Мадам Вонгтың құпиясы», «Рэкетир» сынды фильмдердегі рөлдерімен мәңгі қалды. Оның коллекциясын Алматы галерея көрме залына келіп тамашалауға болады.
Наргиз Әліп, Almaty Gallery жетекшісі:
- Көрме 30-қыркүйекке дейін жалғасады. Есігіміз дүйсенбіден басқа күндері таңғы саат 11-ден кешкі 7-ге дейін ашық. Қала тұрғындарын күтеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!