«Мың бала» олимпиадасына ауыл балалары белсенді қатысуда
«Мың бала» олимпиадасы оқушыларға көп мүмкіндік сыйлады. Биыл екінші рет өткізілген білім бәйгесінде үздік деп танылған мың оқушы еліміздің жетекші мектептерінде білім алуда. Тартысты білім додасына қатысқандардың дені – ауыл балалары.
Автор: Нұрболат Досжан
20.09.2021
Айжан Аршабаева, «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының үйлестірушісі:
- «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиада екі жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Осы екі жылда 400 мыңнан астам бала қатысып отыр. Ол 5 және 6 сынып оқушылары. Тек ауыл мектептерінің оқушыларына сондай мүмкіндік беріледі.
Онлайн сынақ барысында үміткерлердің қабілеті жоғары бағаланғанымен, академиялық білімінің бәсеңдігі байқалған. Сондықтан мамандар алдағы уақытта оқушылардың білімін арттыруға күш салады.
Ауыл балаларына серпін сыйлаған олимпиадада биыл жалпы саны 150 мың үміткер бақ сынады. Көп ішінен сурылып шыққандар жеңімпаз атанды. Осылайша екі жылдың қорытындысы бойынша 2 мың оқушы еліміздің бірқатар білім ошақтарына жолдама алған. Қазір олар лицейлер мен мамандандырылған мектептерде оқып жатыр. 5-6- сыныптарға қабылданған шәкірттердің 640-тан астамы – ауыл балалары.
Әкімжан Жанәділ, «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпазы:
- Мен Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шу ауданы, Зайсаң ауылынан келдім. Зайсаң орта мектебінде білім алдым. Жетекшім «Мың бала» олимпиадасы туралы айтты. Екі жарым айдай бірге оқу онлайн мектебінде дайындалып олимпиадаға қатыстым. Маған екінші турға өттің деп хабарлап айтты, ал 5-сыныптан бастап 6-сыныпқа дейін турмен өттік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!