{metadescription}
"Зерттелмеген Қазақстан": Тылсым табиғат туралы деректі фильм түсіріледі
"Зерттелмеген Қазақстан": Тылсым табиғат туралы деректі фильм түсіріледі

"Зерттелмеген Қазақстан": Тылсым табиғат туралы деректі фильм түсіріледі

Еліміздің тылсым табиғаты мен қорықтары туралы деректі фильмдер түсірілетін болды. Бүгін "Зерттелмеген Қазақстан" экспедициясының өкілдері Семейге ат басын бұрды.

Шығыс Қазақстан облысы еліміздің ең әдемі өңірлерінің бірі. Табиғаты тұнып тұрған тарих. Сондықтан экспедиция өкілдері түсірілімді Абай Құнабаевтың туған жерінен бастауды жөн санаған. Олар шығыстың ұлан-байтақ даласы, халқы мен тұмса табиғаты туралы деректі фильмдер сериясының бірінші эпизодын түсіреді. Жоба елімізде тұғыш рет қолға алынып отыр.  Оны жүзеге асыруға ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі және экологиялық ұйымдар қауымдастығы, банктер мен холдингтар  қолдау білдіруде.

Рафаэль Гасанов,  «Зерттелмеген Қазақстан» экспедициясының жетекшісі:

- Басты міндет – зерттелмеген жерлерді нысанаға алу. Түсірілген деректі фильмдер арқылы бізді халықаралық аренада танып, көреді. Ал түсірілім бірнеше ай ішінде елдің барлық облыстарын қамтитын болады. Шамамен 100 мың шақырымды жүріп өтпек ниеттеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде