Дін атын жамылған азамат марихуанамен ұсталды – Алматы облысы
Алматы облысында теріс діни ағымның жетегіндегі азамат 20 қап марихуанамен ұсталды. Құрықталған күдікті есірткі заттарын үйінде сақтапты.
Автор: Мақсат Мәлік
20.09.2021
Алакөл ауданы тұрғынын ұстау үшін экстермизимге қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлескен шара жүргізіпті. Үйді тінткен кезде табылған түрлі түйіншектеліп оралған есірткінің салмағы 17 келіден асады. Дін атын жамылған күдікті оны қайдан алғаны және қандай мақсатта үйінде сақтағаны белгісіз. Қазір тергеу абақтысына қамалған 49 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!