{metadescription}
Шымкентте мембағдарламамен үй алғандар бармағын тістеп қалды
Шымкентте мембағдарламамен үй алғандар бармағын тістеп қалды

Шымкентте мембағдарламамен үй алғандар бармағын тістеп қалды

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен берілген үйлерде су, жарық пен газ жоқ. 144 пәтерлі «Стандарт» деп аталатын көпқабатты үй  мамыр айында беріле бастаған. Бірақ, инфрқұрылымнан жұрдай екен. Ол аз десеңіз сапасы сын көтермейді.

Қара сылақ күйінде берілген баспананың қабырғалары жарылып,  үстінен су ағып жатыр. Жарнамаға алданып енді ай сайын қыруар қаржы құйып жатқан жұрт дәретін шелекке сындырып жүр.

Шымкент шетіндегі «Стандард» деп аталатын тұрғын үй кешені. Пәтер ала-алмай жүргендерге былтыр мемлекеттік бағдарламамен сапалы, замануи үй салынады деген соң жұрт қарызға кіріп баспана алған. Енді барлығы бармағын тістеп жүр.

Мақсат Қайратұлы; Шымкент қаласының тұрғыны:

- Кіргеннен бастап көңіл-күйіміз түсті. Үйдің жоспары дұрыс емес. Екіншіден, соққан адамдардың бәрі, білмеймін, қалай соққандарын. Соқыр адам соққан ба? Қисық. Жөндеуге, тегістеуге қыруар қаржы кетіп жатыр. Мамыр айынан бері, міне, кілт алдық. Кілт алғаннан бері басталды осы прроблема.

Көпқабатты үйдің кіреберісінен сапасын байқауға болады. Мысалы, сылақтары түсіп, су жаңа үйдің кей тұсы мүжіліп жатыр. Ең сорақысы сол, мамыр айында берілген үйде не жарық, не газ, не су жоқ. Кей тұрғындар жертөледе жұмысшыларға деп жүргізілген электр желісіне қосылып амалдап жатыр. Елді әсіресе су жоқтығы қинайды.

«Үй алдық» деп ерте қуанғандар баласын жақын жердегі мектепке ауыстырып, енді амалсыз тұрып жатыр. Бес қабатты үйдегі әр отбасы ай 100- 170 мың теңге аралығында ақша төлейді. Шыдамы таусылған тұрғындар жаппай жиналып әкімдікке келді. Бірақ шенеуніктер қабылдамақ түгілі, есікті ашпай қойды.

- «Риксосты» салған деді, ойбай, «Премьераны» салған деді. «Премьераны» пример қылып жүргенде, төбемізді тесті, проблема қылып! Ақшасын төлеп отырмыз, не үшін алпауыттар салады да, инфрақұрылым жүргізбей жатып үйдің кілтін беріп қояды?! Алдап, мысыққа сүт беріп жалатқандай! Енді келіп алып, жүрісіміз мынау! Әр жерде бүйтіп тоқылдатып, бишара құсап!

Әкімдік  алдына жиналғандарға құрылыс басқармасының басшысы ғана шықты. Айтуынша, үйдің жобасын мердігер компанияның өзі әкімдікке өткізген. Қателіктер шаш етектен екенін мойындайды. Шулағандарға бір аптадан қалдырмай су мен жарықты қосамыз деп ақталды.

Әбілсейіт Рабаев, Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы:

- Ешкім ешкімді жаппайды. Бірінші деңгейде жоба компаниясы бар ғой, сол қателікті жіберген, соны жауапқа тартамыз. Екінші, сол экспертиза өткізгенді жауапқа тартамыз. Міне, осы екі деңгей.

Ал мердігер бар кінәні әкімдікке артты. Яғни коммуналдық желілерді тартып беруді сұрап бірнеше мәрте шыққанымен, «шенеуніктер құлақ аспады» дейді. Екі жақ осылай бір-бірімен дауласып жүргенде, зардабын қарапайым тұрғындар тартып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде