Катонқарағайда мемлекеттік ұлттық табиғи парк өртеніп жатыр
Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өртеніп жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге 100-ден астам маман жұмылдырылған. Алайда үш күннен бері орман өртін өшіру мүмкін болмай тұр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
20.09.2021
Шыңғыстай орман шаруашылығының аумағына найзағай түсіп, өрт содан тұтанған. Оны ауыздықтау өрт сөндірушілерге мүмкін болмай тұр. Себебі, жай түскен жерге техникалар жете алмай қиындық тудыруда. Олар орманның ішін жаяу аралап, арнайы аспалы өрт сөндіргіштерді қолдануға мәжбүр. Қазірге дейін қызыл жалын 3,5 гектар аумақты шарпып үлгерген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
29 қараша
Серіктестер жаңалықтары