{metadescription}
I курс студенті 6 адамды атып өлтірді – Пермь
I курс студенті 6 адамды атып өлтірді – Пермь

I курс студенті 6 адамды атып өлтірді – Пермь

Ресейдің Пермь қаласындағы университетте I курс студенті атыс ұйымдастырды. Травматикалық қарудан атқылаған оқтан 6 адам қаза тапқан. Қаннен-қаперсіз сабақта отырған тағы 24 адам жарақат алып, ауруханада жатыр.

Қанды оқиға Пермь мемлекеттік университетінде болды. Қару кезенген жас жігіт жоғары оқу орнына кіріп келіп оқ жаудырған. Шошыған студенттер биіктікке қарамай терезеден секіріп қашты. Кейбірі аудиторияларда тығылған.

Ал күдіктінің өзі полицейлерге ұстатпай барынша қарсылық танытып, өзі де жарақат алып қазір ауыр халде жатыр. Күдікті 18 жастағы Тимур Бекмансуров екені айтылуда. Ол осы университеттің заң факультетінде оқыған. Қаскөй атысардың алдында әлеуметтік желіде бұл шабуылды біраздан бері жоспарлап жүргенін жазған.

Ол қаруды заңды түрде сатып алыпты. Яғни арнайы лицензиясы болған. Қазір мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде