БҰҰ Ауғанстанға көмек хабының Алматыда құрылуына қарсы емес
БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған хабтың Алматыда құрылуына қарсы емес.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
20.09.2021
Бірақ алдымен Ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы қолдауы тиіс. Қазақстан өз кезегінде қабылдау пунктін ұйымдастыруға көмек көрсетуге дайын.
Ал Алматы тасымал жағынан ыңғайлы болғаны үшін таңдалыпты. Оңтүстік астанадан Ауғанстан астанасы Кабулға дейін үш сағатта ұшып баруға болады. Халықаралық хаб ауғандағы ахуалды жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге, босқындардың нөпірін азайту мақсатында құрылмақ.
Қазақстан билігі мұндай бастаманы Біріккен ұлттар ұйымымен қоса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына да ұсынды.
Өткен аптада Тоқаев Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысында осы халықаралық ұйымның Ауғанстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен келісімнің құрылуына ықпал ететінін мәлімдеген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!