{metadescription}
COVID-19: Ауруханалар жабылып жатыр
COVID-19: Ауруханалар жабылып жатыр

COVID-19: Ауруханалар жабылып жатыр

Еліміздің бірқатар аймақтарында коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар жабылып жатыр. «Қызыл» аймақтағы Ақмола, Павлодар, Атырау облыстарында инфекциялық ауруханадағы орындардың жартысынан көбі бос қалған.

Ммандар күн санап індеттің беті қайтып келеді дейді. Соңғы тәулікте елде 2438 адам COVID-19-ды жұқтырған. Жазда бұл көрсеткіш екі жарым есеге дейін көбейген еді.

«Қызыл» деңгейдегі Ақмола облысында індет сәл де болса саябырсығандай. Дәрігерлер індет жұқтырып ауруханаға түскендер саны азайып келеді деп қуанады. Коронавирус өршіп тұрғанда ашылған 25 инфекциялық аурухананың бесеуі жабылды. Бірақ өңірде карантин шектеулері әлі сақаталады.  

Нариман Сыздықов, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Үшінші толқында науқас саны өте көп болды.Сол кезде 2 жарым мың ауруханада орын болған. Науқастардың саны қазір азайып жатыр. Бүгін ауруханада 595 науқас жатыр.

Ақтөбе облысында мыңға жуық бала сабақты қашықтан оқып жатыр. 400-дей оқушыдан вирус табылып, олардың сыныптастары екі апта үйде отыруға мәжбүр. Дәрігерлер балалардың бұл індетті жеңіл өткеретінін айтады. Ал зейнеткерлер мен жүкті келіншектерге, қант диабетімен ауратындарға Covid-19 – қауіпті. Аяғы ауыр ақтөбелік төрт келіншекті короновирустан құтқара алмадық дейді мамандар.

Айгүл Күштаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Төрт жүкті әйіл коронавирус инфекциясы диагнозынан қайтыс болды. Жас шамасы 26-38 жас аралығында. Жүктілік мерзімі 34,36,24 апталық мерзімде болған. Бірақ ішінде үшеуін босандырып үлгердік. Бүгінде  балаларының дені сау.

Үй айдан бері «қызыл» аймақтан шықпаған Қарағанды облысында жағдай мәз емес. Айналдырған бір аптада 48 адам қауіпті індеттен қайтыс болған. Вирус жұқтырған 100 науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Гамаль Тоқсанбаев, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Науқастар ауруын асқындырып, дәрігерге дер кезінде қаралмайды. Өз бетімен ем-дом жасап, әлсірегенде ғана ауруханаға келеді. Көбісінің өкпесі қабынып келеді. Бүгінде облыста 101 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, ал  27 адам аппаратқа қосылған.

Елде індет жұқтырғандар соңғы күндері азайып келеді. «Жасыл» аймақтағы Түркістанның қатарына Жамбыл облысы қосылды. «Сары» деңгейдегі Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Қызылорда, Алматы өңірлері, Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында да жағдай жақсарған. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және қалған алты облыс әзірге «қызыл» аймақта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде