Алматы тұрғыны сот орындаушыларын атқылады
Алматы тұрғыны сот орындаушыларына қарсы оқ жаудырды. Полиция берген ақпарат бойынша бес адам қаза тапқан. Олардың екеуі – учаскелік инспектор.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
20.09.2021
Оқиға Ақбұлақ ықшамауданында болған. Сот қаулысы бойынша баспанасынан шығаруға келген сот орындаушыларына 54 жастағы иесі қарсылық білдірген. Ашынған тұрғын шақырту бойынша жеткен полиция мен төтенше жағдайлар қызметіне де оқ жаудырыпты. Екі полицей оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болған тағы үш адам туралы ақпарат нақтылануда. Қарулы қожайынның өзі қолға түсіп уақытша ұстау абақтысына жабылды.
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі:
- Бес адам, оның ішінде екі тәртіп сақшысы қызметтік міндетін атқару барысында атыстан жарақат алып қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз. Қаза тапқан полиция қызметкерлері: 1982 жылы туған полиция майоры, Алатау аудандық полиция басқармасының учаскелік инпсекторы Дархан Сүлеев және 1988 жылы туған полиция капитаны, Алатау ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы Нұрбол Байғазиев.
Кешқұрым Ақбұлақ ықшамауданында үйді босатуды талап етіп келген сот орындаушыларына қожайыны оқ жаудырған. Бес адам ажал құшты. 54 жастағы үй иесінің өзі қазір қамауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!