Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат жол апатына себепкер болды – Көкшетау
Көкшетауда көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат жантүршігерлік жол апатына себепкер болды. Қатты соққыдан Skoda көлігінде отырған жолаушы көз жұмды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.09.2021
Жол апаты кешкі сағат жеті шамасында болған. ВMW тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, қарсы бетте бұрылғалы тұрған Skodaны соққан. Соққының қатты болғаны сонша, 36 жастағы жолаушы терезеден ұшып кетті. Жарақаты ауыр болып, сол мезетте жан тапсырған. Қаланың қақ ортасында болған жол апатына көп адам куә болды. Ал жоғары жылдамдықпен жүйіткіген ВMW иесі жүргізуші куәлігінен айырылған азамат екен.
Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- ВMW автокөлігі тыйым салынған белгіге қарамастан өте шыққан. Skoda-ның жолаушысы мерт болып, жүргізушісі түрлі жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!