Ақтөбе облысында дизель бағасы өсіп кетті
Орақ науқанының алдында Ақтөбе облысында дизель бағасы өсіп кетті. Жергілікті шенеуніктер субсидияға берілетін жанармайдың литрін ешкіммен санаспастан 13 теңгеге қымбаттатып жіберген.
Автор: Жаңалық Ахаш
21.09.2021
Көктем мен күзге таяу өткізілетін байқауға соңғы рет бақылаушы ретінде ешбір фермерді қатыстырмапты. Қазір бұл аймақта дизельдің бағасы 195-225 теңгенің арасында. Бірақ оның өзінде сатылымда жоқ.
Ақтөбелік шаруалар бірнеше күннен бері дизельді отын іздеп шаршағанын айтады. Жанармай бекеттерінде қолма-қол ақшаға сатылмайды. Арнайы бағандарда құны литіріне 195-225 теңге деп көрсетілген. Онда да қолында талоны барларға ғана берілде.
Бекболат Нұрмұханов, шаруа:
- Ақшамызға дәл қазіргі уақытта соляркі таба алмай отырған жағдай бар. Талон, сондай жүйе қылып тастаған. Тоқтатпау керек жұмысты. Қазір науқанның кезі ғой.
Ақтөбе облысының шаруаларына бір жылға субсидиямен 18 мың тонна дизельді отын бөлінген. Оның жартысын көктемде үлестіріп үлгеріпті. Ол кезде шаруалар үшін бағасы литріне 154 теңге болса, қазір 13 теңгеге қымбаттатып жіберген. Ешкіммен санаспай дизельді отынға қатысты байқауды жасырын өткізген шенеуніктерге фермелер наразы.
Марлен Баймағанбетов, Ақтөбе фермерлер одағының өкілі:
- Белгісіз себептермен облыстың ауылшаруашылық басқармасы шілде айында өз бетімен хаттамада 9 мың тонна деп тұрғанына қарамастан, соны өз бетімен 167 қылды. Айта кетсек, ол баға бізге ең қымбат болып тұр. Батыс Қазақстан облысына біз арқылы 500 шақырымға дейін баратын вагон соляркісі. Ол жақтың ауылшаруашылығы 5 теңге-6 теңге қымбаттатса, біздікі 13 теңгеге қымбаттатып отыр.
Ауылшаруашылығына жауаптылар талонды басқармадан алуға болатынын айтады. Ал жеңілдікпен шаруаларға сатылатын дизеьді отын құнын амалсыздан көтердік деп ақталуға тырысты.
Асылхан Әбтиев, Ақтөбе облысы ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:
- Мұнай өңдей зауыттары бар Атырау қаласында орналасқан. Олар бір литрі 13 теңгеге қымбаттатты. Содан оператордың өзі 13 теңгеге қымбаттатты. Қымбат жалғыз бізде емес. Ол қымбаттағаны барлық республика бойынша. Яғни зауыттың жіберу бағасы қамбаттаған соң өсіріп отыр.
Фермелерлер шалғай аудандардан субсидиямен берілетін дизельді отын сақтайтын қоймалар ашуды да талап етеді. Өйткені жанармай үшін қаншама шақырым жерден облыс орталығына қатынауға мәжбүр. Ал жеңілдікпен берілетін отынды жеткізуге жауапты тасымалдаушының ауыл-аймақта бірде-бір бекеті жоқ екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!