{metadescription}
Қазақстанға жаңа халықаралық телефон коды берілді
Қазақстанға жаңа халықаралық телефон коды берілді

Қазақстанға жаңа халықаралық телефон коды берілді

Қазақстанға жаңа халықаралық телефон коды берілді. Енді біздің елден шетелге қоңырау шалғанда +997 деп бастап теру керек. Әзірге қолданысқа енген жоқ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, оған қатысты құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша шаралар атқарылып жатыр.

Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы жаңа кодты әзірге резервке қойған. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады.

Халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады. Министрліктің хабарлауынша, кезінде КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды Ресеймен бірге Қазақстанға да бекітілген екен. Ал өзімізге дербес халықаралық код алу әрекетіне біздің министрлік былтыр ғана кіріскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.