{metadescription}
16 елге рейс жанданып, 30 мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады
16 елге рейс жанданып, 30 мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады

16 елге рейс жанданып, 30 мемлекеттің азаматтары визасыз кіре алады

Қазақстан әуе қатынасын қайта көбейтіп жатыр. Енді 27 қыркүйектен бастап 16 елге рейс жанданып, эпидемиологиялық ахуалы қолайлы және вакциналау деңгейі жоғары 30 мемлекеттің азаматтары визасыз елімізге қайта кіре алады.

Әуе қатынастарын қайта қалпына келтіруге ведомствоаралық комиссия рұқсат берген. Тізімде бір жыл бұрын жандандырылған Ресей, Түркиямен қатар, Біріккен Араб әмірліктері, Мальдив аралдары, Италия, Венгрия және тағы да басқа елдер бар.

Бір қызығы, Түркия мен Венгрия ғана Қазақстанның вакцинация құжатын мойындайды. Ал қалғандарына коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест нәтижесі әлі де керек. Сондай-ақ, 27 қыркүйектен бастап елімізге 30 мемлекет визасыз, ПТР нәтижесінің анықтамасымен қайта кіруге мүмкіндік алды. Бұл елдер эпидемиологиялық ахуалы тұрақты және вакциналау деңгейі жоғары болғандықтан таңдалыпты. Біздегі әуежайлар, теміржол вокзалдары, ірі базарлар мен сауда орындарында егу пунктері жұмыс істей бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.