{metadescription}
COVID-19: Қатаң шектеудің жеңілдетілуі жайлы
COVID-19: Қатаң шектеудің жеңілдетілуі жайлы

COVID-19: Қатаң шектеудің жеңілдетілуі жайлы

Тығылмай тойлайтын болдық. Ковид-19-дың таралуы бойынша әр деңгейдегі өңірде той-томалақ , форумдар мен конференциялар өткізу тәртібі бекітілді. Қонақтар саны шектеулі болмақ.

Сондай-ақ келушілердің мәртебесі «Ашық» қосымшасы арқылы тексеріліп, тек қауіпсіз деген меймандарға ғана ішке кіре алады. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты спорт шараларын ұйымдастыруға, діни нысандардың да санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ведомствоаралық комиссияның шешімі 27-қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, соңғы екі аптада ауру тіркелу көрсеткіші 60 пайызға төмендеген. Өлім-жітім де күрт азайған. Эпидахуалдың тұрақталуына орай спорттық шаралар өткізуге, діни нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беруімен қоса, той-томалақ жасауға салыған тыйымды да алып тастады. Ведомствоаралық комиссияның бұл шешімі 27 -қыркүйектен бастап күшіне енеді.  Ақжолтай хабарды естігендер бөркін аспанға лақтыруға дайын.

Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі:

- Білесіз бе, қазір тойханалардың жұмыс істеуіне рұқсат бергеніне қуаныштымын. Себебі, бұған дейін карантиндік шектеулердің салдарынан көптеген бизнес саласы шығынға батты. Қаншама адам  несиесін өтей алмады. Тіпті карантин талаптарын бұзуға тура келді. Осындай күрделі сәтте билік өкілдері тиімді шешім қабылдап отыр.

Карантин шектеулеріне қарамастан бұған дейін тойлар жасырын өтті. Автотұрақ пен жертөлелерде той жасап, таң атпай қызын ұзатқан талай тойшыл жұрт жазаға тартылып айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Той ұйымдастырушылары карантин талаптары «ақылға қонымсыз» дейді. Өйткені « қызыл» аймақтағы өңірлерде тойға небәрі 50 адам ғана қатыса алады. Бұл тойханалардың шығынын өтемейді. Ал көрме шараларына 200  адамға дейін қатысуға рұқсат берілген. Көпті ойландырған сауалға сала мамандары бас ауыртудың қажеті жоқ екенін айтады. Оның үстіне күрделі кезеңде мұның өзі оңтайлы шешім көрінеді.

Ержан Байтанаев, ДСМ Санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар карантин талаптарын жеңілдету бойынша шешім қабылданды. Мынау «жасыл» аймақта орналасқа өңірлерде той өткізуге, банкет өткізуге рұқсат берілді. Ең бастысы, бұл жерде мекеменің қызметкерлерімен тойға келушілер «жасыл» мәртебеде болуы керек.

Тойға, отбасылық бас қосуларға, конференция, форумдарға, ойын клубтарына  50 адамға дейін қатысуға рұқсат берілген. Ал көрмелерге келушілердің  саны бұдан төрт есеге артқан. Сонымен қатар спорт шаралары мен мешітке келуші саны 20% пайыздан аспауы тиіс.

Жаңа қаулының арқасында есігі тарс жабылған мейрамханалар қайта ашылмақ. Ал тойға келгендер ешкімнен жасырынуға міндетті емес. Тек карантин талабын сақтаса болғаны. Яғни жұрт енді тойға «Ашық» қолданбасы арқылы кіруі керек. Ал екпе алмағандар тойға ПТР-тест тапсырып, Ковид-19 жұқтырмағаны туралы анықтама алып келуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде