{metadescription}
Елімізде карантин талаптары жеңілдетілгенімен ...
Елімізде карантин талаптары жеңілдетілгенімен ...

Елімізде карантин талаптары жеңілдетілгенімен ...

Елімізде карантин талаптары жеңілдегенімен, жеті облыс әлі «қызыл» аймақта тұр. Бүгін Атырау өңірі «сарыға» өтсе, Маңғыстау облысы «жасыл» аймаққа ойысты.  Ал Павлодарда шектеу шаралары күшейтілді.

Өңірдегі мектептерде 200-ге тарта сынып карантинге жабылған. Кейбір мекемелер вакцина алмаған қызметкерлерін жұмысқа кіргізбеуде. Павлодар облысында 200 сынып карантинге жабылған. Эпидемиялогиялық ахуал тұрақсыз. Өңірде вакцина алмағандармен күрес күшейіп жатыр. Енді өндірістік кәсіпорындарда екпе алмаған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Сондықтан жұмысшылар апта сайын ПТР-тест тапсыруы тиіс. Аймақтың бас санитар дәрігері осындай ережелер жазылған жаңа қаулыға қол қойды.

Батырбек Әлиев, Павлодар облысының бас санитар дәрігері:

Егер адам екпе алмаймын десе онда әр жеті күн сайын ПТР-тест тапсыру қажет. Көп адам жұмыс істейтін жерде вирус тез таралады. Сондықтан бұл адамдардың денсаулығы үшін қажет. Егер қызметкер вакцина паспортын немесе ПТР анықтамасын өткізбесе, жұмыс беруші оны жұмыстан уақытша шектей алады.

Атырау облысы бүгін «қызыл» аймақтан «сарыға» ойысты. Мамандардың айтуынша, мұнайлы өлкеде жағдай тұрақталып келеді. Десек те қазір 30 науқастың жағдайы ауыр. 418 адам  инфекциялық стационарда ем қабылдауда. Санитар дәрігерлер жағдайдың тұрақтылығын бір апта бойы бақылаймыз деп отыр. Кейін жаңа қаулы қабылдап, карантиндік қатаң шараларды жеңілдетуді бастамақ. 

Айнагүл Сәрсенғалиева, Атырау облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Соңғы тәулікте облысымызда коронавирус жұқпасының 29 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 18 симптомсыз ағыммен анықталса, 11 симптомды ағыммен анықталып отыр. Карантиндік-профилактикалық шараларды әлі де қатаң сақтауымыз қажет. Алдын алудың басты шарасының бірі вакцинация болғандықтан, вакцина алуға шақырамыз.

Маңғыстау облысы бүгін «жасыл» аймаққа өтті. Соңғы тәулікте өңірде 8 адамнан вирус анықталған. Бұл осыған дейін болған ең төменгі көрсеткіш. Облыстағы 10 провизорлық орталықтың бесеуі жабылды. Дәрігерлер ауырғандардың саны азайды екен деп, босаңсып кетпей барынша сақтанып жүру керек деп отыр. Одан қалды коронавирустың жаңа штамы пайда болған.

Мадина Рахметова, Маңғыстау облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің бас маманы:

- Коронавирус инфекциясымен ауырған науқастардан оң зертханалық үлгілерді жүйелеу арқылы генетикалық зерттеу жүргізілді. Сол зерттеудің жаңа штамның пайда болғандығы анықталды. Ол – «Ета» штамы. Алғаш рет Нигерияда анықталған. Сол біздің Маңғыстау өңірінде де анықталып отыр. Сондықтан Маңғыстау өңірі «жасыл» аймақта екен деп босаңсуға әлі ерте. Сондықтан барша Маңғыстау өңірінің халқын және қала қонақтарын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын.

Маңғыстау облысында коронавирус оқушылар арасында да тіркеліп жатыр. Жаңа оқу жылы басталғалы оффлайн форматта білім алған 47 оқушыдан коронавирус анықталған. Сол үшін 46 сынып карантинге жабылған. Яғни олар екі аптаға оқшауланып, қашықтан білім алып жатыр. Дәрігерлер балалардың көбісі ауруды үйінде жұқтырғанын айтып отыр. Сондықтан әлі де болса карантин шараларын қатаң сақтау керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде