{metadescription}
Ета: Төрт өңірінен коронавирустың жаңа мутациясы табылды
Ета: Төрт өңірінен коронавирустың жаңа мутациясы табылды

Ета: Төрт өңірінен коронавирустың жаңа мутациясы табылды

Қазақстанның төрт өңірінен коронавирустың жаңа мутациясы табылды. Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, ол «Ета» деп аталады. «Нигериялық» штамм еліміздің түкпір-түкпіріне әлдеқашан жайылып кетуі де мүмкін.

Алайда бұған алаңдайтын дәнеңе жоқ. Вирусологтар жаңа мутация «Дельта» штамы секілді қауіпті емес деп сендіреді. Тіпті «Ета» штамы науқастың бойында ешқандай ауырсыну туғызбауы мүмкін. Ал коронавирустың екпесі ауруға қарсы тұра алады екен. Оған жаңа штаммның жер-жерде жайылмауы дәлел дейді мамандар.

«Нигериялық» штамм, аты айтып тұрғандай, Нигерияда, сонымен бірге Ұлыбританияда табылған. Бүгінде ол әлемнің 77 еліне таралып үлгерді. Ал Қазақстанға қашан келгені белгісіз. Десек те ғалымдар шілде, тамыз айларында Ковид-19-бен ауырғандардың нәтижесіне талдау жүргізіп тауыпты. Қазір Маңғыстау облысында екі адам, Қарағанды, Павлодар өңірлері мен Нұр-Сұлтанда бір адам осы штамм түрін жұқтырған.

Манар Смағұл, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары:

- Штамға қарсы мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күні бұл штамға қатысты ресми дәлел жоқ. Клиникалық белгілерінде ерекшелік жоқ. Басқа штамдардағыдай. Егер респираторлық белгілер болса, әлсіздік, иіс сезбеу, дәм білмеу болса, дәрігерге жүгінген жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде