Ақтаулық тұрғындар: Жар жиегіне тұрғын үй кешенін салу өте қауіпті
Ақтаулық тұрғындар заңсыз құрылысқа қарсы шықты. Наразы топ жардың жиегіне 11 қабатты тұрғын үй кешенін салу өте қауіпті дейді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
22.09.2021
Елена Зимнякова, Ақтау қаласының тұрғыны:
- Біздің үй бес қабатты. Мен сол бесінші қабатында тұрамын. Бұрын жер сілкінісі болғанда үйдің қасында тұруға қорқып осы төбеге келетін едік. Мұнда көпқабатты үй салу сейсмикалық жағынан өте қауіпті деп ойлаймын. Кеңес Одағының кезінде бұл жерге ешқандай құрылыс жүргізілмеген. Себебі, мына қыртыстың үстіне құрылыс жүргізуге болмайды. Үй құлап қалуы мүмкін.
Мердігер компания қазірдің өзінде инженерлік желілерді жүргізіп қойған. Бірақ тұрғындарға құрылыс салуға рұқсат беретін құжаттарын көрсете алмапты. Тіпті салынатын нысанның жобасымен де таныстырмаған. Құрылыс компаниясы бұл үй бірнеше жылдан бері баспанасын даулап жүрген үлескерлерге арнап салатынын айтқан.
Қала әкімдігі дауға ұласқан жер жекеменшіктің қолында дейді. Сондықтан құрылысқа рұқсат беретін құжат мемлекеттік сараптамадан өтсе еш кедергі келтіре алмаймыз деп ашығын айтты.
Абылай Бекмағамбетов, Ақтау қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Бұл жер «Юпитер строй» серіктестігінің уақытша қолданысындағы жер. Ол жерді сатып ала алады.
-Қазір аталған жерге құрылыс жүргізуге бола ма? Болмай ма? Соны мемлекеттік сараптамадан өткізіп жатыр. Егер тексеруден өтпесе, құрылыс жүргізілмеуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!