Атбасарда кәсіпкер әйел коньякқа дейін қолдан жасаған
Атбасарда арақ-шарапты қолдан құятын астыртын цех әшкереленді. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан әйел сапасы күмәнді ішімдіктерді қайда саудалағаны белгісіз.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.09.2021
57 жастағы әйел жасырын цех ашу үшін біреудің гаражын жалға алыпты. Полиция есігін бұзып кіргенде спирт толы бөшкелер, пластмасс құтылар және де арақ айдайтын арнайы құрылғы тәркіленді. 200 литрлік бөшкелерде 1200 литр, құтыларда 90 литр спитр болған. Сондай-ақ арнайы бөтелкелерге 525 литр арақ құйылып, саудаға шығаруға әзір тұрыпты. Кәсіпкер әйел коньякқа дейін қолдан жасаған. Тәртіп сақшылары жасырын цехтан қоңыр түсті сұйықтық та тәркіледі.
Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Заңсыз кәсіпкерлік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай ақ қолдан әзірленген арақ-шараптың қай жерде саудаланып жүргені, заңсыз кәсіпкерлікпен қашаннан бері айналысқаны да тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!