{metadescription}
Қарағанды резеңке өңдеу зауытына от қасақана қойылуы мүмкін
Қарағанды резеңке өңдеу зауытына от қасақана қойылуы мүмкін

Қарағанды резеңке өңдеу зауытына от қасақана қойылуы мүмкін

Тілсіз жау шарпыған Қарағанды резеңке өңдеу зауытына от қасақана қойылуы мүмкін. Кешелі-бері қызыл жалынмен алысып жатқан өрт сөндірушілер осындай болжам айтып отыр. Қазір жалынның таралуы тоқтағанымен, әлі толық сөндірілген жоқ.

Қорқынышты алапат отпен өрт сөндірушілер кеше кешкі сағат 8-ден таңғы 4-ке дейін алысты. Тұтанса ырық бермейтін резеңке оты қаланың кез келген шетінен көрінген. Қою қара түтін де жақын маңдағы Сұрыптау станциясы елдімекенін басып қалды. 1000 шаршы метр жерді шарпыған өртпен 100 адам мен 23 техника арпалысты. Тіпті екі өрт сөндіру поцызы тартылған.  Құтқарушылар қара түтінмен бүгін де алысуда. От зауыт аумағында қайта өңдеуге жиналған автошиналарға түскендіктен, қызыл жалын ғимараттарға тимеген. Алайда апат ошағы оқшауланғанымен әр жерден бір лап еткен оттың резеңке толық жанып кеткенше сөнетін түрі байқалмайды. Сондықтан қою қара түтін сол маңдағы үй тұрғындарын тұншықтырып жатыр.  

Виктор Долженко,  Қарағанды қаласының тұрғыны:

Алапат өрт болды. Жел де бізге қарай соққан екен, қою қара түтінге қатты тұншықтық. Бүгін де әне жанып жатыр, бықсып. Бір тәулік бойы сөндірілмеген не өрт ол? Бұл өрт сөндірушілердің біліктілігіне сын. Қашанғы тұншығамыз бұлай?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде