Жанармай бекетінің күлі көкке ұша жаздады – Ақмола облысы.
Ақмола облысында жанармай бекетінің күлі көкке ұша жаздады. Жаңа Қима ауылында дизель отынын тиеген көлік өртеніп түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.09.2021
Ал төртінші бөшкеде екі тонна бензин болған. Жүргізуші бұл бекетке көлігіне жанармай құюға келіпті. Осы сәтте цистерна жақтан от тұтанған. Жалма-жан өрт сөндіру қызметіне хабар бергенімен, жағармай лап ете түскен. Бірден өршелене жанған тілсіз жауды ауыздықтау оңай болмады. Құтқарушылар алапат өрт жағармай құйылған басқа бөшкеге жетпеуі үшін жанталасқан. Олар сумен бірге суытып тұратын сұйықтық та шашқан. Өрттің қатты болғаны сонша, құтқарушылар екі сағаттан аса әлекке түсті. Әйтеуір дизель отынын артқан көлік жарылмады.
Думан Дәлешев, Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығы:
- Сегіз өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамнан 20 адам аса қатты жанып жатқан жанар май таситын көлікті сөндіруге жұмылды. Екі жарым сағатта өрт сөндірілді. Апаттың шығу себебін анықтау үшін өрт техникалық сарапшылары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!