{metadescription}
Дариға Назарбаева меморгандардың жайбасарлығын сынға алды
Дариға Назарбаева меморгандардың жайбасарлығын сынға алды

Дариға Назарбаева меморгандардың жайбасарлығын сынға алды

Дариға Назарбаева мемлекеттік органдардың жайбасарлығын сынға алды. Елімізде ескірген нормативтік-техникалық құжаттарына негізделген жобалық құжаттамалар алты айда дайындалады.

Ал сынамалық жобаларды шенеуніктер бір жарым жылға дейін қарауы мүмкін. Мәжілісмендерде бұл әрекеттер жемқорлыққа апарады деген күдік басым. 

Назарбаева халықаралық тәжірибені мысалға келтіруді ұмыт қалдырмады. Мәселен, АҚШ пен Біріккен Араб әмірліктерінде кен орындарын барлау мен игеруге өтінімдерді қарау мерзімі орта есеппен үш айдан алты айға дейін созылады. Жер қойнауын пайдаланудағы тағы бір проблема – инвесторлардың кен орындарын игеруді тоқтата тұру үшін рұқсат алуы. Қазақстанда жұмысты тоқтата тұруға соңғы нүктені мемлекеттік органдар қояды. Оның да мерзімі өте ұзақ. Ал шетелде экономикалық көрсеткіштер нашарласа, соның ішінде шикізат бағасы төмендеп, ақша құлдыраса, инвесторлар кен орындарын игеруді тоқтата тұру туралы өздері шешім қабылдай алады. Салаға инвестиция тартудың деңгейін арттыру үшін депутат бірнеше шараны қолға алу керек дейді.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

- Салаға инвестиция тарту деңгейін арттыру үшін халықаралық тәжірибе негізінде жер қойнауын пайдалану мәселелеріне қатысты мемлекеттің көзқарасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізу керек. Мемлекеттің геология ғылымына деген көзқарасын қайта қарастырып, сала үшін қазіргі заманғы кадрлар даярлау қажет. Әлемдік тәжірибе мен цифрландыруды ескеріп, мемлекеттік сараптаманы қарау мен тапсыру уақытын барынша қысқарту, инвесторларға әлемдік нарықта дағдарыс болған жағдайда өз шешімімен кен орнын игеруді кейінге қалдыру құқығын беру, геологиялық ақпаратты көпшілікке ашық ету, кен орындарын барлау мен игеруге ашық конкурс өткізу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.