COVID-19: Павлодарда жағдай мәз емес
Елімізде соңғы бір тәулікте 2411 адамнан коронавирус анықталды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастағанымен, 7 облыс «қызыл» аймақтан әлі шыға алмай тұр. Әсіресе Павлодарда жағдай мәз емес. Мұнда індет жұқтырғандар саны азаймай тұр.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
22.09.2021
Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
- Бүгінде 10 стационарда 811 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Инфекциялық төсек орын жүктемесі 41,7 пайыз. Осыдан бір ай бұрын облыстық стационарларда 1709 адам болған. Яғни инфекциялық төсек-орын жүктемесі қазір 1,8 есеге төмендеді. Ковидтік госпитальдарда жатқызылғандардың сны азаюына байланысты 1000 аса төсек және 85 ранимациялық төсек кезең-кезеңімен қысқартылып жатыр.
Ал «сары» аймақта тұрған санаулы облыстардың бірі – Шығыс Қазақстан. Мұнда пандемия басталғалы 43 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Қазір облыста 4000-ға жуық төсек-орын бар. Егер өңірде эпидемиологиялық жағдай нашарлай қалса, толық медициналық жабдықталған 8 мыңға дейін төсек-орын ашу жоспарланған.
Шәкәрім Боқтұғұтов, ШҚО әкімінің орынбасары:
- Инфекциялық стационарларда 736 науқас емделуде. Оның ішінде 82 науқас ауыр хәлде жатыр. 654-нің денсаулығы орташа. ӨЖЖ аппаратына 8 адам, инвазивті емес өкпе аппаратына 74 науқас қосылған. Жалпы облыс бойынша коронавируспен ауыратын науқастар үшін төсек қорының қамтылу пайызы 17,8 пайыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!