{metadescription}
Қанды оқиғаға басты себеп  – несиенің тым көп берілуі
Қанды оқиғаға басты себеп  – несиенің тым көп берілуі

Қанды оқиғаға басты себеп  – несиенің тым көп берілуі

«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын жедел әзірлеу керек. Алматыдағы атыстан кейін Мәжіліс депутаттары осы қанды оқиғаға басты себеп ретінде жұртқа несиенің тым көп берілуін атап отыр.

Сондықтан банктердің бейбастақтығына жол бермей, олардың мүмкіндігін шектеу керек дейді мәжілісмендер.

Ұлттық банктің шілдедегі мәліметі бойынша, заңды тұлғаларға берілген несие бір айда 0,2 пайыз азайып, 7 триллион теңгеден шамалы асып тұр. Ал жеке тұлғаларға берілген несие, керісінше, 3,7 пайыз өсіп, 9 триллион теңгеге жуықтаған. Яғни азаматтар банктерге белшесінен қарыз. «Сол несиені дер кезінде қайтара алмаған борышкер банктің әділетсіз әрекетінен өз-өзіне қол жұмсауы жиіледі», - дейді депутаттар.

Алматыдағы жағдайда, керісінше, борышкер өзге адамдарға қару қолданып отыр. Оның үстіне арты дауға айналғанда сот әркез әділ шешім шығара бермейді. Оған қоса сот орындаушылары мен банк қызметкерлері өзара сөз байласатыны да жасырын емес. Көбіне олар кепілге қойылған мүлікті кемі 30-40 пайызға төмен бағалайды да, соттың шешімімен сырттай сата салады дейді депутат Андрей Линник.

Андрей Линник, Мәжіліс депутаты:

Банк дәрменсіз борышкерден кепілге қойған мүлкін алып қою кезінде бағалау құнын 10-15%-дан артық түсірмеуі тиіс. Сондықтан банктердің мүмкіндіктерін шектеу қажет. Сондай-ақ несие көлемін қолдан көбейтуді тоқтату үшін несие пайызын төмендету қажет. Сол үшін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.