Арнайы техникаға жол бермейтіндерге – әкімшілік жаза
Шұғыл жетуіне кедергі келтіретіндер көп. Алматыда шақыртуға асыққан өрт сөндіруші көлігін бөгейтіндермен күрес басталды. Полиция арнайы техникаға жол беруге асықпайтындарды әкімшілік жазаға тартып жатыр.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
23.09.2021
Дабыл қосқан арнайы техника шақыртуға шықты. Құтқарушылар үшін әр минут қымбат. Бірақ асыққан өрт сөндірушілерге жол бере қоямайтын жүргізушілер жеткілікті. Ондай жүргізушілер 10 мың теңге көлемінде айыппұлдан арқалады. Тәртіп сақшылары арнайы көліктерге жол беру керегін ескертеді.
Камил Магамедов, Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:
- Рейд барысында Жетісу ауданы полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598- бабына көзделген 3 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. Арнайы және жедел қызметтердің автокөліктерінің жүруіне басымдылық бермегені үшін. Осындай жүргізушілер өрт сөндірушілердің өрт орнына уақытылы келуіне кедергі жасайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!