«Отпантау-2021»: Тоқаев әскерилердің дайындығын пысықтады
Қасым-Жомар Тоқаев әскерилердің дайындығын пысықтады. Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Отпантау-2021» жаттығуында президентке қару-жарақ пен әскери техникалардың заманауи үлгілері таныстырылды.
Автор: Айман Нұрмағанбет
23.09.2021
«Отпантау-2021» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы әскеріміздің әзірлігін тосыннан тексерудің соңғы кезеңі. Қарулы күштер сапындағы бұл сынақ қыркүйек айында басталған. Сол уақыттан бері оған 9 мыңға жуық әскери қатысып, 3 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды. Ал бүгінгі жаттығу барысында жауынгелердің қарсыласқа қандай айла қолданатыны мен қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне негізделген жаңа әдіс-тәсіл көрсетілді. Тіпті әуедегі және жердегі барлау қызметінің жұмысы пысықталды. Президент халықаралық деңгейде тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан еліміздің Қарулы күштерінің әскери дайындығын жоғары бағалап, армия мемлекет пен қоғам тарапынан жіті бақыланатын сала екенін баса айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Қатардағы сарбаздан бастап, еліміздегі әр азаматтың қауіпсіздігі өте маңызды. Мұны сіздер жақсы түсінесіздер деп ойлаймын. Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл. Армиямыз мықты болса, Тәуелсіздік те баянды болады. + Айбынды армиямыз мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!