{metadescription}
Қысқы ойындарға дайындық пен қаржыландыру мәселесі қалай?
Қысқы ойындарға дайындық пен қаржыландыру мәселесі қалай?

Қысқы ойындарға дайындық пен қаржыландыру мәселесі қалай?

Сенаторлар спортшыларды ойлап уайымдап жүр. Қысқы олимпиадада атлеттердің жаздағыдай сәтсіздікке ұшырағанын қаламайды. Мәдениет және спорт министрлігі Бейжіңде өтетін додаға дайындықты айтып отыруы керек дейді депутаттар.

Нұржан Нұрсипатов, Сенат депутаты:

- 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Бейжің қаласында XXIV Қысқы олимпиада ойындары өтеді. Оның басталуына бес айдан аз уақыт қалды. Биылғы жазғы нәтиженің қайталануын бәріміз де қаламаймыз. Осыған байланысты келесі сұрақтар туындайды: «Қысқы ойындарға дайындығымыз қандай? Токиодағы жағдай қайталанбау үшін не істеуіміз қажет? Қысқы олимпиадаға спортшыларды іріктеу, жаттығудың жай-күйі, қаржыландыру мәселесі қандай?

Токио Олимпиадасына қатысқан 96 қазақстандық спортшының сегізі медальмен оралды. Барлығы – қола. Төртжылдықтың басты додасының тарихында мұндай төмен нәтиже бірінші рет тіркеліп отыр. Ал бес айдан кейін басталатын Қысқы олимпиада ойындарына әзірге қанша спортшының баратыны белгісіз. Олар қазір лицензиялық турнирлерде бағын сынап жатыр. Дегенмен спортшылардың бұл додада үздік атануы екіталай. Өйткені бұған дейін жеті рет өткен Қысқы ойындардың бірінде Қазақстанның жүлдесіз оралған кезі болды. Ал төрт жыл бұрынғы байрақты бәсекеде Юлия Галышева ғана ұлттық құрамада топ жарғаны есте. Бейжіңдегі ойындарға қазынадан 2 миллиард 909 миллион теңге бөлінгені.  

Айжан Есентаева, ҚР МСМ Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы:

- Штаттық командаларды дайындауда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде министрлік пен Ұлттық олимпиада комитетінің арасында келісім жасалған болатын. Сол келісімге сәйкес, 2021 жылға 2 миллиард 909 миллион теңге бөлінген. Қазір 38 спортшы ие. Бірақ ол лицензиялар атаулы емес. 2018 жылғы Олимпиада ойындарына 46 спортшы 57 лицензия ұтып алған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде