{metadescription}
Жантүршігер жол апатында алты адам көз жұмды – Жамбыл облысында
Жантүршігер жол апатында алты адам көз жұмды – Жамбыл облысында

Жантүршігер жол апатында алты адам көз жұмды – Жамбыл облысында

Тас жолдағы трагедия. Жамбыл облысында жанүршігерлік жол апаты болды. Екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылып, алты адам ажал құшты. Екі жолаушы ауруханада. Оның біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Жол апатына кім кінәлі екені әлі белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

Қайғылы жағдай бүгін сағат таңғы алты шамасында Байзақ ауданының маңында болған. Toyota сamry  мен Audi  бетпе-бет соғылыпты.  Көліктердің сау-тамтығы қалмай қирап қалған. «Тойотаның» алдыңғы бөлігі жапырылып қалса, «Ауди» жол жиегінде төңкеріліп жатыр.

Темірбек Оразымбетов, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары:

- Автокөліктердің ішіндегі алты адам қаза тапқан. ҚР ҚК 345-бабы, 4- бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде және сараптамалар тағайындалды.

Жүргізушілерді қоса есептегенде екі көлікте сегіз адам болған.

«Аудидің» ішіндегі үш адамның бірде-біреуі тірі қалған жоқ. Ал «Тойотадағы» бес кісінің екеуі ғана аман. Қаза тапқандардың төртеуі – ер, екеуі – әйел. Жол апатынан жарақат алған екі жолаушының біреуі аудандық ауруханада жатыр. «Оның жағдайы ауыр», - дейді дәрігерлер. Ал екіншісі қалалық емдеу мекемесіне түскен. Оның хәлі тұрақты көрінеді.

Сәкен Жұмашев, Тараз қаласы №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

Миы шайқалған. Оң жақ иығына және оң аяғына зақым келген. Қазір  жағдайы қалыпты. Нейрохирургия бөліміне жатқызылған.

Алты адамның өмірі қиылған жол апатына не себеп болғаны қазір анықталып жатыр. «Ауди» қарсы бағытқа шығып кетіп, «Тойотамен» соқтығысқан деген болжам бар.

Жамбыл өңірінде соңғы сегіз айда жол апатынан 139 адам көз жұмған. Жарақат алғандардың саны мыңнан асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде