Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма берді. Президент банктердің кепіл саясатына, бағалау қызметін реттеуге және жеке сот орындаушыларына қатысты заңнамалық және нормативтік түзетулер әзірлеуге бір ай уақыт беріп отыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
23.09.2021
Сондай-ақ кредиторлар мен проблемалы қарыз алушылар арасындағы қарым-қатынас бойынша заңнаманы да жетілдіру қажет дейді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Бұл мәселеде ашық және біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету аса маңызды. Қажет болған жағдайда Үкімет, Ұлттық банк пен қаржылық реттеу жөніндегі агенттік бір ай мерзімде заңнамалық және нормативтік түзетулер топтамасын әзірлеуі керек. Менің ойымша, қазір мұндай қажеттілік туындап отыр. Алайда мамандар бұл мәселені тағы да мұқият зерделеуі керек.
Тоқаев заңнамалық түзетулердің мазмұны Үкімет пен жауапты мамандар тарапынан мұқият зерттеліп халықпен келісілуі қажет дейді. Сөйтіп келесі жылдың басында күшіне енуі керек. Мемлекет басшысы қара жамылған отбасыларға көңіл айта отырып, Алматы әкімдігіне қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге, әсіресе, балаларға көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ болған қайғылы жағдайды мұқият зерттеп, мән-жайды анықтау қажет дейді президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!