{metadescription}
Нұр-Сұлтанда саяжай иелері жерін мемлекетке төмен бағамен беруге қарсы
Нұр-Сұлтанда саяжай иелері жерін мемлекетке төмен бағамен беруге қарсы

Нұр-Сұлтанда саяжай иелері жерін мемлекетке төмен бағамен беруге қарсы

Нұр-Сұлтанда бір топ саяжай иесі «Бағалау дұрыс жасалсын!» деген ұранмен қалалық әкімдік алдына жиналды. Олар баспаналары тұрған жерінің бір бөлігін  мемлекет мұқтаждығына төмен бағамен беруге қарсы.

Жұрттың жер телімдерінің есебінен әкімдік мұнда көлік жүретін асфальт төсеп, саябақ салып ықшамауданды көркейтуді жоспарлап қойған. Алайда жұрт ұсынылған өтемақы тым аз екенін және бағалау кезінде заңбұзушылыққа жол берілгенін дәлелдей алмай жүр. Шарасыздықтан шу шығарғандармен тілшіміз кездесіп қайтты. 

Жері мен саяжайын даулаған елордадағы Алматы ықшамауданының тұрғындары биліктен көмек сұрайды. Олар ертең  үйімізді күштеп тартып алса, бала-шағаммен қаңғып далада қаламыз ба деп қорқады. Өйткені жоспар бойынша жаяу жүргіншілерге арналған шаңы шығып жатқан жол кеңейтіліп, асфальт төселіп, автомобиль жолына айналады екен. Ол үшін әр үйдің аумағынан қызыл сызықта тұр деген бірнеше сотық жері қажет. 

Сапарғали Әлібеков, саяжай тұрғыны:

Әрқайсымыздың үйімізден жолға  бір, екі сотық жер алынып жатыр. Сол сол жол қызыл аймақ болып есептелініп жатыр екен. Әкімдік кірісіп жатқан, ол адамдар өтетін жол қалай қызыл аймақ болады? Жан-жағымызда үлкен жол тұр. Жүргенов, Нәжмеденов көшесі тұр. Қай кезде ол қызыл аймақ деп есептелінеді? Мәселе сол, қызыл аймақта деп ,бізге аз мөлшерде ақша төлейін деп жатыр.

Жиналғандардың ішінде үш баланың анасы Элиза Оразшаева да бар. Отбасымен саяжайда тұрып жатқанына  үш жылдан асқан. Ол өзінің 11 сотық  жерін небәрі 3 жарым миллионға бағалаған құзырлы мекеме жұмысшыларының шешімімен  келіспейді. Өйткені олар әрбір 1 сотық жерге 350 000 мың теңге береміз деп, оны көндіргісі келгенмен, ойы жүзеге аспаған. Және бағалау кезінде заңсыздыққа жол берілгенін алға тартады. 

Элиза Оразшаева, саяжай тұрғыны:

Қалалық жылжымайтын мүлік  мекемесінің мамандары бізді шақырды.   Бізге 11 миллион теңге ешқандай  бағаламай ақша ұсынды. Біз  оған қарсы болдық. Одан кейін маусым айында шешім шығып, бізге заң жүзінде келді.Біз қала ішінде тұрсақ, біздің саяжайымызды қаланың шетіндегі үйлерімен салыстырған.

Көптің сауалына жауап алу үшін әкімдікке бардық. Тұрғындар әкімнің жауап беруін талап еткенімен, ол жеке қабылдауына жазылған тұрғындарды қабылдағысы келмеді ме, орнына жауапты  өкілін шақырыпты.

Ддаурыққандарды көре сала, дайын емес деп ақталған құзырлы мекеме өкілі аталған аймаққа асфальт жолмен қоса саябақ салынатынын жасырмады. Мамандардың тәжірибесі бойынша бұл жер мұндай орынға қолайлы екен. Оның сөзіне сенсек, жер телімі бөлініп, аталған аумақты мемлекет мұқтажы үшін сатып алу жөнінде  қаулы қабылданып та үлгерген. Ал  ондағы тұрғындардың үй мәселесін бағалауға келгенде алғашқы жұмыстардан-ақ қателік кеткенін мойындады. Енді сол олқылықтардың орнын түземек.

Дарын Бақытбекұлы, «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК директорының орынбасары:

- Біз әлі баға қойған жоқпыз. Баға ұсынылған жоқ.  Бағалау компаниясы болды, алматылық компания, нарықты дұрыс білмегендіктен дұрыс баға ұсынылмады. Сондықтан біз ол есепті қабылдамадық. Бізде қазір қолда есеп жоқ. Қазір есеп шығады мен ұсынамын. Ал тұрғындар келісуі мүмкін.  Солай емес пе? Біз қазір сәл шыдауымыз керек. Бір жұманың ішінде есептер болады, біз қолға аламыз.

«Үй иелерінің келісімінсіз ешқандай жұмыс  басталмайды» деп уәде берген мекеме өкілінің сөзіне күмәнмен қарағандар саяжай орналасқан аумаққа бірге баруымызды өтінді. Сөйтіп Алматы ықшам ауданына бардық. Жолай  жұмысшылардың бір жер қазушы кранмен екі «КамАЗға» алма-кезек құм тиеп, аумақты тегістеп жатқан жұмысын көрдік. Бірқатар келеңсіздіктерді де көзіміз шалды. 

10 шақты саяжайда «шықпа жаным, шықпа» деп өз күнін әрең көріп отырған отбасылар бар. Олар қазір үйімізден айрылып қаламыз ба деп қорқады. Себебі, ақпан айынан бері бұл жерге көз алартып жүргендердің қарасы көбейген. Әкімдіктің тапсырмасымен «келдік» деп жұртты сендіргендер тиісті құжаттарға қол қойдырып алып, жұмыстарына қызу кіріскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде