{metadescription}
Үй жануарларына түгел чип орнату керек
Үй жануарларына түгел чип орнату керек

Үй жануарларына түгел чип орнату керек

Үй жануарларына түгел чип орнату керек. Әңгіме үйде ұстайтын ит-мысықтарға қатысты. Бүгін елордада қаңғыбас ит-мысық мәселесін көтерген ветеринар мамандар осы талапты заңға енгізу керек дейді.

Себебі, көшеде иесіз жүрген ит-мысықтың қатарын үйде ұстайтындары да толтырып отыр. Сондықтан оларға вакцина салып, кестіріп-піштіргеннен бөлек, чип орнатып, кімге тиесілі екенін ортақ базаға енгізіп отыру керек деп санайды мамандар. Алайда заңға талап енгізу үшін оның талқылайтын тұстары да жетерлік.

Ветеринарлардың мұндай мәселені көтеру себебі, қаңғыған ит-мысықтың көзін жою шаралары олардың жанына батады. Сондықтан олардың санын азайтып, қоғамға қауіпті қылмау жағын іздеуге көшкен. Ол үшін ең ұтымды шешім – вакцина салып, кестіру керек. Тек оны үй хайуанаттарынан бастаған дұрыс дейді.

Мария Полякова, ветеринар-дәрігер:

- Бізге әкелінетін далада қаңғып жүрген мысықтардың көбі кезінде иесі болған үй хайуанаттары. Қаңғыбас ит-мысықтың қатарын толтырып жүрген де солар. Өйткені қожайындары қалаған уақытында оларды көшеге тастай салады. Ал иесіз қалған, жабайы ит-мысықтар төлдесе, олардан тек біреуі ғана тірі қалады. Ветеринар болып жүрген 25 жылымда соған көзім жетті.

Заң бойынша мемлекеттік ветеринария қызметкерлері бұралқы ит-мысықты аулап, оның көзін жоюмен айналысады. Бірақ оларды күтіп-баптау керектігі көрсетілмеген. Заңның осы тұсы ветеринарлардың миын ашытып жүр. Өйткені күтіп-баптап жүретін уақыты жоқ. Екіншіден, ол жұмысқа бюджеттен ақша бөлінбейді. Ал хайуандардың құқын көтеріп жүрген белсенділер айналып келіп осы мамандарды айыптай береді.

Иса Базаров, Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Бізге айтпайтын сөзі жоқ. Мысалы, мен орынбасар ретінде отырамын. Таңертеңнен кешке дейін журналистер келеді, «нееге ана жерде атып жатыр, бүйтіп жатыр» деп. Бізді күнде инстаграмнан көрсетеді. «Өртеп жатыр», «қатігездік жасап жатыр»  деген сияқты. Сондай сөз көп. Сондықтан осындай мәселе шешілуі керек.

Мәселенің шешімі ретінде қоғам белсенділері қаңғыбас ит-мысыққа түгел чип орнату керектігін айтады. Сол арқылы олардың кімге тиесілі екенін анықтап, әкімшілік шара қолдануға болады екен. Мұндай тәжірибе 2017 жылы Алматыда жасалыпты. Бірақ ортақ база болмай, дұрыс тіркеуге алынбаған. Ақыры сиырқұйымшақтанып, бастама аяқсыз қалған.

Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

Есепке алуды орталықтандыру өте маңызды мәселе. Егер чип салдыруды міндеттесек, оны ит-мысық иесі өз қалтасынан төлеу керек. Қарапайым салық төлеушінің оған қандай қатысы бар? Ит сатып алуға ақшасы болса, онда оны күтіп-баптауға да дайын болу керек. Екіншіден, орталық база жасауға мемлекет қаншалықты дайын? Егер Алматыда ондай тәжірибе болса, соны негізге алып, бюджеттен ақша шығындамай-ақ жасауға болады деп ойлаймын.

Мәселенің тағы бір қыры: ит-мысыққа жаппай чип орнату керек болса, елдегі 7 мыңға тарта елдімекенде өріп жүрген ұйыққан ит түгел чиптелу керек. Депутат Назарбаеваның айтуынша, оған мемлекеттің бас қатырғаны ақылға қоныңқырамайды.

Депутаттардың айтуынша, ит-мысыққа жаппай чип орнату мәселесі заңға енгізілсе, онда ауыл мен қаладағы жағдайдың ара-жігін ажыратып алу керек. Ал сол ит пен мысықты өсіріп клиенттерге сататын орындардың мәселесі бөлек қаралуы керек. Өйткені бар мәселенің басында тұрған да солар. Сондықтан келесі отырыс сол бизнес өкілдерімен өтетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.