Мемлекет қарттарды қамқорына алды, бұдан былай ...
Мемлекет қарттарға қамқор болмақ. Бұдан былай тиісті әлеуметтік қызметтерді жалғызбасты зейнеткерлер ғана емес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен жақындарының көмегінсіз қалғандар да алатын болады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
24.09.2021
Бұл жұмыстың қалай жүзеге асатыны және оны кім қадағалайтыны туралы еңбек министрлігі жақ ашпады. Жалпы егде тартқан қазақстандықтар үйіне күтім жасайтын көмекшілерді тегін шақырта алады. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер зейнеткерлерге қажет медициналық көмек көрсетеді, экономикалық және құқықтық мәселелерін шешуде қолдау білдіреді. Егер мемлекеттік көмектен тыс қосымша шығын болып жатса, оларға үлкендер өз қалтасынан ақша шығарады. Жеңілдіктерге ие болатын үміткерлерге қандай шектеулер болатын да министрлік айта алмады. Күтушінің көмегін пайдалану үшін қалалық әкімдіктер арқылы өтініш қалдыру керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!