{metadescription}
Кептелістегі рейд: Екі сағатта 100 жүргізуші жол ережесін бұзды
Кептелістегі рейд: Екі сағатта 100 жүргізуші жол ережесін бұзды

Кептелістегі рейд: Екі сағатта 100 жүргізуші жол ережесін бұзды

Ережені елемегендер жазаланды. Алматы облысында кептеліс кезінде жолақпен жүрмей, жол шетіне шығып тәртіп бұзатындарға рейд жүргізілді. Қарбалас кезінде қарсы бетке шығып, ол әрекетінен әбестік көрмейтіндер де табылды. Таңғы кептелістегі жағдай қалай?

Таңғы сағат жеті. Сап түзеген сақшылар кезекті жұмыс күніне кірісті. Бұл-Алматының кіреберіс қақпасындағы облыстық жергілікті полиция басқармасы орналасқан жер. Жол қауіпсіздігін қадағалау үшін экипаж жан-жаққа жөнелтілді.

Сағат тілі 7.30. Алатау-Алматы тас жолында тұрмыз. Күнделікті кептелістің қызатын шағы. Өз жолағында тасбақа жүріспен жүруге жүйкесі шыдамайтындар жол жиегіне шығып ережені бұзып жатады.

Айтып ауыз жиғанша, сақшылардың қырағы көзіне алғашқы тәртіп бұзушылар ілікті. Жолаққа қайта түскенмен қулығын асыра алмады.

Мен мына жақтан шықтым да, былай.

- Қай жақтан шықсаңыз да, бірден автокөліктер шығатын жолаққа шығу керек.

Жол талғамайтын бұл джиптерге жиекпен жүру қалыпты құбылыстай. Ереже бұзғанымен қоймай, полицейлерге өз шындығын дәлелдеуге дайын.

Бүгін тәртіп бұзушылыққа хаттама толтырылады. Келісесіз бе?

- Жоқ, келіспеймін, қалай келісем? Сығылысып тұр, жағдайды көріп тұрсыз.

Тіптен қарсы бетпен құйғытудан қаймықпайтындар да табылды. Өзінің де, өзгенің де өмірін қатерге тіккен жүргізуші, ең болмаса кінәсін мойындауға намыстанатындай.

- Жолдың қарсы бетіне неге шықтыңыз?

- Я без комментариев, давайте.

Сақшылар тоқтатқан қай көліктің қожайыны болмасын – асығыс. Заң бойынша айыппұл салам десе, қырық сылтауын айта бастайды. Тәртіп бәріне ортақ. Соңғы төрт күннің өзінде 800-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылған.

Нұрлан  Ысқақов, Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің батальон командирі:

- Алматы облысында жол жүру ережелерін бұзғаны үшін ресми жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін, жолдың шетімен жүргені үшін айыппұлдың көлемі 15 айлықтық көрсеткіш. Осындай рейд  айына екі-үш рет жүргізіліп тұрады.

Айналдырған екі сағаттың ішінде 100-ден астам жүргізуші жол ережесін бұзып үлгерді. Кептелісте оңды-солды ойқастаған көліктер осы маңдағы тұрғындарды мезі еткен. Өйткені жиекпен жүйіткігенде шаңдатып, жаяу жүргіншілерді шаңға қақалтады. Айыппұл темір тұлпар тізгіндердің тәртіппен жүруіне сеп болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.