{metadescription}
Ауғанстаннан келген қандастар қалай тұрып жатыр?  
Ауғанстаннан келген қандастар қалай тұрып жатыр?  

Ауғанстаннан келген қандастар қалай тұрып жатыр?  

Ауғанстаннан Ақмола облысына қоныс тепкен этникалық қазақтар елге жетіп, еті үйрене бастады. Көкшетауға көшіп келген жеті баласы бар Шир Әли Өзбаки азаматтық құжатын реттеуге кірісті.

Ал Кіндік-қарағай ауылындағы Файзулла Ахмадидің бес баласы мектепке бара бастады. Жат елден келген қандастардың білім алуына мұғалімдер себепкер болған.

Негізі парсы тілінде білім алып, өзбек пен тәжік тілін қоса меңгерген қандастар ана тілін үйрену үшін ауыл балаларымен араласа беруі керек дейді ұстаздар.

Ауғанстаннан Көкшетауға жатырқай келген 35 қандас қазір үй-жайы, ас суы түгел жерлесімізге айналды.Тіпті Кіндік-қарағай ауылындағы Файзулла Ахмадидің бес баласы екінші күні ақ мектепке орналасты. Ұстаздары ауыл балаларымен бірге ойнап бірге жүрсе, тез ақ тіл үйреніп кетеріне сенімді. Парсы тілінде оқып келген балалар да жатсынбапты. «Олардың тіл үйреніп, елге сіңіп кетуіне ауыл болып ат салысып жатырмыз» ,-дейді ұстаздар.

Алтынай Кәрібаева, Кіндік-қарағай мектебінің мұғалімі:

- Жуындырып, киімдерін бәрін тауып беріп,құралдарын бәрін беріп, бейсенбі, ,жұма – екі күн, міне, балалар сабақта. Айырмашылық бар екен. Ол жақта 32 әріп парсы тілінде. Бізде апта сабағымыз сенбіден басталады дейді. Бейсенбі, жұма дем аламыз дейді. Ислам мемлекеті болған соң ба деп ойладым.

Файзулла Ахмадидің отбасына ауылда үш бөлмелі үй берілген. Әйелі мен әпкесі газ қолданып пеш жағып тамақ пісіруді үйреніп жатыр. Ал отағасы кез келген адамға руы Қоңырат екенін «мақтанып айтамын» дейді. Бұл отбасы  Ауғанстанды тәліптер басып алмас бұрын елге жетуге асыққан. 

Файзулла Ахмади,қандас:

Қазақстан елшілігіне бардық. Онда қазақ екенімізді, руымыз Қоңырат, Орта жүзден екенімізді айтып түсіндірдік. Төрт жылдан бері елге сұранып барып жүрдік. Құжат реттеп, әйтеуір жолымыз түсіп келдікАуғанстанда қиыншылыққа тап болдық. Аш та болдық, атыс-шабыстан қорқып үріктік. Балалар үшін қорықтым.

Мектеп жасындағы жеті баласы бар  Шир Әли Өзбакидің отбасы да пәтер берілгенше облыс орталығындағы ірі кәсіпорынның су жаңа жатақханасына орналасқан.Осы жерде оған жұмыс та , субсидия да берілмек.

Жанар Айтмағанбетова, Бурабай ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры:

«Еңбек» бағдарламасы бойынша бұл азаматтарға мемлекет тарапынан республикалық бюджеттен субсидия бөлінеді. Субсидия мөлшері әр басына шаққанда 70 айлық есептік көрсеткіш құрайды. Бұл сегіз адамнан тұратын отбасына жалпы сомасы 1 миллион 633 мың теңгедей субсидия төленеді.

Ауғанстаннан ауылға келген ағайынның құжаттары қазір Көші-қон полициясында рәсімделіп жатыр. Кешікпей олар Қазақстан азаматы атанады. Қазақ мектебіне барып ана тілінде білім ала алады. «Аңсап жеткен атамекенде ел қатарлы өмір сүру үшін бар күш, мүмкіндігімізді аямаймыз»,-дейді қандастар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде