Вакцина: Жалған паспорт жасаған да, оны алған да жауапқа тартылады
«Вакцина салынды» деген жалған құжат жасату тыйылар емес. Жамбыл облысында осындай жалған паспорт істеумен айналысатын медициана қызметкерлері ұсталды. Олар жалған анықтаманы 15 мың теңгеге дайындап берген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
24.09.2021
Бұл сорақылық Аса ауылындағы емханалардың бірінде тіркелген. Пысықай ақ халаттылар жалған құжат жасау кәсібінің көрігін қыздырса керек. Қазір осы топтың құрамында неше адам болғаны және олар қанша адамға жалған паспорт сатып үлгергені анықталып жатыр. Бұл қулықтың қалай әшкерленгені де әзірге беймәлім. Үлкен дау туғызған дерек жан-жақты тексерілуде.
Елімізде 30 адамға осындай заңсыз құжат саудаланып кетіпті. Жалған паспорт жасаған да, оны сатып алған да қылмыстық жауапқа тартылады.
Гаухар Сапарбаева, ҚР Қаржылық бақылау агентігінің өкілі:
- Тексеру барысында департамент қызметкерлері КОВИД-19-ға қарсы вакциналау паспорттарын нақты екпесіз 15 мың теңгеге бергенін анықтады. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!