Жуалыда жүргізуші мен жолаушы салонда тірідей жанып кетті
Жамбыл облысында – жантүршігерлік жол апаты. Бір-біріне соғылған көліктерден өрт шығып, екі адам ажал құшты. Жалынға оранған «Аудидан» сыртқа шыға алмаған жүргізуші мен жолаушы салонда тірідей жанып кеткен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
24.09.2021
Қайғылы жағдай Жуалы ауданы маңында болған. «ЗИЛ» мен «Ауди» бір-біріне соғылған. Болжам бойынша, жүк машинасы рұқсат етілмеген жерден бұрылып кетіп, жеңіл көлік оның бүйірінен ұрған. Бірден өрт шығып, «Аудидің» жүргізушісі мен бір жолаушы сыртқа шыға алмай салонда қалып ажал құшқан. Тілсіз жау екі техниканың да түгін қалдырамады. Тек қаңқасы қалған. Жүк машинасының жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазір осы жол апатының себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!