{metadescription}
Құмды дауыл: Бейнеуде оқушылар онлайн оқуға жіберілді
Құмды дауыл: Бейнеуде оқушылар онлайн оқуға жіберілді

Құмды дауыл: Бейнеуде оқушылар онлайн оқуға жіберілді

Маңғыстау облысында құмды дауыл басталды. Әсіресе Бейнеу ауданында ауа райы күрт нашарлап көлік қозғалысы қиындаған. Тіпті оқушылар да уақытша онлайн оқуға жіберілді.

- Бейнеу, жарайсың! Ауа райы керемет! Жынды болып тұр. Дым көрінбейді. Әйтеуір жүріп келе жатырмыз. Білмеймін...

Сабақтан келе жатқан оқушылар табиғаттың тосын мінезіне таңдануда. Мұнда 9 мыңға жуық оқушы сабақтан босатылып онлайн оқуға жіберілген. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан құмды желдің екпінінен жүру мүмкін емес. Көлік тұрмақ, адамның өзі зорға қозғалады. Көшеде ештеңе көрінбейді.

Республикалық маңыздағы автожолда Бейнеу ауданы полиция бөлімінің экипажы күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Ал Сарға разъезін құм басып, топыраққа көмілген шойынжолды тазалауға 25 адам жұмылдырылды. Мамандар кешке дейін пойыз жолын құмнан толық тазартамыз дейді.

Нұрлан Өсербаев, Бейнеу аудандық әкімдігінің қызметкері:

- Түстен кейін оқитын оқушылардың сабағы онлайн форматына ауысты. Осыған орай, құрметті ата-аналар, балаларыңызды қадағалауды сұраймыз. Қазір Бейнеу ауданы бойынша полиция бөлімі күшейтілген режимде жұмыс жасау үстінде. Құрметті жүргізушілер, сіздерден жолда сақ болуды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде