Күніне кем дегенде үш жалған ақпарат алып отырыппыз
Коронавирус пандемиясы басталғалы қазақстандықтар күніне кем дегенде үш жалған ақпарат алып отырған. Ақпарат министрлігі бүгін Astana Media Week – 2021 – жыл сайынғы медиа апталығында осындай көрсеткішпен бөлісті.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
27.09.2021
Кемелбек Ойшыбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
- Біздің міндетіміз – қоғам қорқынышымен күресу. Әдістерді өзгертуге де тура келді. Бұрынырақ та аз болмаған фейктер өткір маңызға ие болып, олардың таралуы арта түсті. Тіпті Stopfake.kz арнаулы ресурсын құруымызға да тура келді. Жоба «медиаға арналған медиа» қағидатымен жұмыс істейді. Күн сайын сайт материалдарын ірі басылымдар көшіріп басады. Пандемия басталғаннан бері, коронавирус, пандемия, вакциналау және жалпы Қазақстан туралы 1 800-ден астам фейк әшкереленді.
Astana Media Week аясында екі күн бойы онлайн және офлайн түрде алқа жиындар ұйымдастырылады. Онда өзекті мәселелер талқыланбақ. Медиа алаңда тек қазақстандық емес, Ресей, Украина, Қырғызстанның сарапшы мамандары ойларын ортаға салуда. Көбі әлеуметтік желілерге бақылау қажет деген пікірде.
Еліміздің ақпарат министрлігі 2023 жылы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Онда жаңа технологиялардың дамуына байланысты заңнамаға жаңа ұғымдар енгізіп жаңа медиаға анықтама берілмек. Негізінен жалған ақпараттар интернет ресурстарында пайда болады, ал ресми БАҚ сарапшылармен бірге растайтын немесе жоққа шығаратын осы фактілердің дұрыстығын зерттейді. Медиапталықтың қатысушылары әлеуметтік желілердегі фейктермен қалай күресу күректігіне бас қатырды.
Вадим Такменев, «НТВ телекомпаниясы» АҚ Бас продюсердің орынбасары:
- Проблема басқада. Сұрақты да бөтен нәрсеге бағыттау керек. Классикалық, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімді қалай қайтарамыз? Бұл проблеманы шешу маңызды. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдарында бар реттеу интернет кеңістікте жоқ. Ауқымды тақырыптарды қамти отыра, біз сенімді ерте ме, кеш пе, ол сенімді қайтара аламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!