{metadescription}
Гаражын арақ жасайтын жасырын цехқа айналдырған – Өскемен
Гаражын арақ жасайтын жасырын цехқа айналдырған – Өскемен

Гаражын арақ жасайтын жасырын цехқа айналдырған – Өскемен

Өскеменде астыртын арақ өндіретін жасырын цех әшкереленді. Полиция қызметкерлері 56 жастағы азаматтан екі тонна спирт тәркіледі. Қолдан құйылған ащы су шаһардағы дүкен сөрелеріне түскен деген күдік бар.

Оңай жолмен пайда түсіруді ойлаған апталдай азамат гаражын арақ жасайтын жасырын цехқа айналдырған. Тіпті алкогольді өнімді мол көлемде өндіру үшін спиртті бес және бір литрлік пластмасса құтыларға толтырып қойған. Тексеру барысында екі тонна спирт пен оған қажетті заттар тәркіленді.

Құзырлы органдар сараптама тағайындап, жасалған арақ-шараптың құрамын тексеріп жатыр. Сондай-ақ қолдан құйылған дайын өнімдердің қайда сатылғаны да анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде