Құс тұмауы: Лебяжье ауылы карантинге жабылады
Солтүстік Қазақстан облысындағы Лебяжье ауылы карантинге жабылатын болды. Өйткені Ресеймен шектесетін елдімекендегі қанаттылардың құс тұмауынан қырылғаны расталды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
27.09.2021
«Аауру тарап кетпес үшін ауылды оқшаулау керек» деген шешім шыққан. Өткен аптада бес күн қатарынан үй құстары шетінен қырыла бастаған еді. Жалпы саны 130 тауық, 290 қаз және 582 үйрек өлексеі түгел өртелді. Олардан сынама алған мамандар жұқпалы аурудың барын растапты. Облыстағы ветеринария басқармасы шығынға ұшыраған тұрғындарға өтемақы беріледі дейді.
Былтыр да бұл өңірде құс тұмауы өршіп, бір жарым миллионға жуық үй құсы қырылып қалған.
Нариман Тасболатов, СҚО ветеринария басқармасының бас маманы:
- Эпизоотия зерттеулері жүргізілді. Үй құстарына суда жүзетін жабайы құстардан жұққан болатын. Солармен байланыс арқылы жұққаны анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!