{metadescription}
Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті
Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті

Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті

Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті. Өздігінен істен шыққан лифт тұрғындардың зәре-құтын қашырды. Қазір ол уақытша тоқтатылды.     

Әлеуметтік желіде желдей ескен видеода он бір қабатты үйдің  тұрғындары тоқтап қалған жеделсатыдан шығып жатыр. Айтуларынша, лифт жоғарғы қабатқа көтеріліп бара жатқан жерінен жертөлеге бір-ақ түсіпті. Лифтіге жауап беретін мамандар бір мезетте 10 адам мініп, жеделсаты артық салмақты көтере алмай құлап кетті деп отыр.

Биыл ғана пайдалануға берілген Aktau Plaza көпқабатты үйіндегі жеделсаты әлі тексеруден өтпеген екен. Тек тұрғындардың талабы бойынша құрылыс компаниясы уақытша іске қосқан. Енді жауаптылар жеделсаты әбден сынақтан өткізіліп тексерілмейінше, қоспаймыз деп отыр.

Көпберген Жайлиев, «Ақтау қалалық лифтілері» ЖШС құрылтайшысы:

- Лифт, біріншіден, толық қабылданған жоқ. Пайдалануға қабылданған жоқ. Лифтіні пайдаланған мекеме, бір қызмет көрсететін мекемемен келісім-шарт жасасу керек. Бізбен немесе басқа да лифтіге қызмет көрсететін мекемелермен. Оның біреуі де істелмеген. Мен бірнеше рет лифтіні тоқтатып тастаймын деп айтқанмын. «Ойбай, халық шулап жатыр, үлкен адамдар бар, түсе алмайды, міне алмайды» дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде