{metadescription}
Енді шетел азаматтары қазақ тарихын еркін біле алады
Енді шетел азаматтары қазақ тарихын еркін біле алады

Енді шетел азаматтары қазақ тарихын еркін біле алады

Жыр-дастандарды сурет арқылы сөйлеткен. Елордада бүгін осындай ерекше көрме ашылды. Ұлттық құндылықты жаңаша насихаттауды қолға алған шараға Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болды.

Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

Жастарымызды қазақтың тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін білуге, солардың құштарлығын оятуға деген  мақсатпенен «Ұлы дала аңыздары» деген сериямен комикстер әзірлеп жатырмыз. Тұсауын кесейін деп отырмыз. Жас қазақтың ұл-қыздары оны әсемдеп отырып сурет қып салады. Соны кітапша ретінде шығарып отырмыз. Кітапшамыз әзірге екі тілде – қазақша, орыс тілінде.

Комикстер көрмесінде 14 тарихи жыр-дастан ұсынылған. Оның жетеуі махаббат туралы хикаяларды қамтыса, қалған жетеуі батырлар өмірінен сыр шертеді. Топтама қатарында: «Еңлік-Кебек», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» сынды әйгілі аңыздар да бар. Қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан туындылар майдандағы ерлік пен жанқияр махаббатты дәріптейті.

Басылымдардарды «Казкомикск.кз»  сайтынан ағылшын тілінде де оқи аласыз. «Бұл шетел азаматтарына қолайлы», - дейді көрмеге келген алғашқы шетелдіктің бірі.

Гиорги Чхеидзе, Грузияның Қазақстандағы елшісі:

Бірінші кезекте осы көрме несімен ерекше деген сұраққа жауап іздедім. Сөйтіп үш тілді қамтығанына тәнті болдым. Енді шетел азаматтары қазақ тарихын еркін біле алады. Кім біледі, мүмкін ерекше туындыларға болашақта тың ұсыныстар түсіп қалар. Бұл қазақ мәдениеті мен тарихын насихаттаудың жаңа бағыты деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде