{metadescription}
Мүгедек балалардың жәрдемақысы 37 пайызға арттырылады
Мүгедек балалардың жәрдемақысы 37 пайызға арттырылады

Мүгедек балалардың жәрдемақысы 37 пайызға арттырылады

Қазақстанда мүгедек балалардың барлық тобына жәрдемақы 37 пайызға дейін артады. Енді бірінші топтағылар 65 мың теңге, ал екінші топтағы мүгедек балалар 54 мың теңгедей алады. Жаңа жәрдемақы 30 мыңнан аса мүгедек балаға тағайындалмақ. 

Ерлан Әукенов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Бала денсаулығының бұзылу және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін ескере отырып, заңда 7-16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының дәрежесіне қарай жәрдемақылардың мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады. Аталған шара аясында 30 мыңнан астам мүгедектігі бар бала қамтылады.

Бұрын мүгедектігі бар балалар ата-анасынан айырылған жағдайда өз жәрдемақысын немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының біреуін ғана алып отыратын. Ал жаңа заңның аясында екі жәрдемақы да төленеді. Сонда мүгедек бала 48 мың теңгемен бірге 29 мың теңгені де алатын болады. Осы өзгерістерді іске асыруға қазынадан 2023 жылдың аяғына дейін 55 миллиард теңге бөлінді.

Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заң жобасында енді «мүгедек» деген термин болмайды. Себебі, бұл сөздің кемсітушілік сипаты басым. Ал ондай отбасыларға «мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін отбасы» деген мәртебе ресми түрде беріледі.

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне немесе асыраушысына шипажайға тегін жолдама беруге қатысты ұсыныс бар. Бүгінде ондай шара заңмен реттелмепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде