{metadescription}
«Атырау» фанаттары: Шетелдік жаттықтырушы жергілікті ойыншыларды шеттетуде
«Атырау» фанаттары: Шетелдік жаттықтырушы жергілікті ойыншыларды шеттетуде

«Атырау» фанаттары: Шетелдік жаттықтырушы жергілікті ойыншыларды шеттетуде

Атырауда футбол жанкүйерлері жанжал шығарды. Олар шетелден аттай қалап әкелген жаттықтырушы жергілікті ойыншыларды шеттетіп жатыр деген сенімде. Ал командадағы 6 легионер жыл басынан бері қарсыластың қақпасына гол соға алмады деп ашынады.

Сөйте тұра алатын айлығы да өте көп. Сондықтан «Атырау» футбол клубын тоқырауға түсіргендерді командадан қууды талап етіп отыр. Жанкүйерлердің жанайқайын КТК тілшісі тыңдап келді.

Директор келмейді! Қашып жүр, ана жақта. Жылы жерде отыр бәрі. Шақыршы! Шақыршы!

«Атырау» футбол клубының жанкүйерлері басшылықпен бетпе-бет жүздесе алмай жүргеніне біраз болған. «Базынамызға құлақ аспағасын, бас көтеруге мәжбүр болдық» дейді. Себебі, сенімгерлік басқаруға өткен футбол клубының әбден күйі қашқан көрінеді.     

Мұрат Әбдіров, Атырау қаласының тұрғыны:

- Соңғы бес-алты жылда футболымыз құрып бара жатыр. Бірінші лигаға түсіп қалдық. Бүкіл жанкүйерлердің тілегі:  «доверительное управление» дегенді алып тастап, қайтадан үкіметке берсе. Үкімет өзі тексеріп отырады ғой, ақшасын шығарған.

Қазір командада 6 легионер ойнап жүр. Олардың айлық жалақысы 2 миллион теңге көлемінде. Сондай-ақ ТМД елдерінен келген ойыншылар да жетерлік. Олар Еуразиялық одақ елдерінің азаматтары, сол себепті легионер болып саналмайды. Сондықтан Армениядан келген бас бапкер тек өз жерлестерін жарылқап жатыр дейді жанкүйерлер.

Жалғас Күзембаев, Атырау қаласының тұрғыны:

Жергілікті балалар ойнамайды. Сегіз легионер ойнайды. Жаңа айтып кетті ғой, Восканянармян жаттықтырушы. Ол өзінің айналасын ойнатады. Командаға өзінің жерлестері – армяндарын алады. Легионерлер кілең бразилиялықтар. Жағалауда мини-футбол ойнағандар. Мында үлкен футбол. Олар ұлкен футбол ойнай алмайды.

Күні кеше Қазақстан біріншілігіндегі чемпиондыққа талас кезінде «Атырау» командасы өз алаңында «Тобылдың » алдында тізе бүкті. Футболшылардың қарқыны бәсеңдеп қалғанына жанкүйерлер тағы да куә болды. Ал бас бапкер жеңілістен көз ашпаудың себебін карантин мен жанкүйерлердің аздығына арта салды.

Арам Восканян, «Атырау» футбол клубының бас бапкері:

Бізге жанкүйерлер жетіспейді. Соның кесірінен жігіттер ылғи жеңіліс табады. Қолдау жоқ. Карантин де оларға қатты әсер етті. Ал дайындыққа келетін болсақ, бәрі стандартқа сай. Жергілікті ойыншылар керек десеңіз, командада жаттығып жүр. Даудың басы неден шығып тұрғанын түсінбеймін.

«Атырау» футбол командасының жылдық бюджеті 1 млрд 200 миллион теңге. «Бірақ футболшылар соған сай ойнап жатқан жоқ» - дейді жанкүйерлер. Олар «бармақ басты, көз қыстыны» қысқартып,  алаңға тек талантты ойыншыларды шығаруды талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.