{metadescription}
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал

Елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Соңғы екі аптада короновирус жұқтыру көрсеткіші 36 пайызға төмедеген. Күні бүгінге дейін ел бойынша 57 стационар жабылып үлгеріпті.

Жағдай оңалып келе жатқанымен, әлі де «қызыл» аймақта тұрған бес өңір бар. Сондықтан арқаны кеңге салуға ерте тәрізді.

Қарағанды өңірінің бас санитар дәрігері жергілікті тұрғындарды бір желпінтіп тастады. Оған карантин шараларының жеңілдеуі себеп. Жаңа қалулыға сәкес енді  ашық жобасына қатыспайтын нысандардың да жұмысына рұқсат етілді. Шектеулі адаммен той жасауға және спорттық әрі мәдени шараларды да өткізуге мүмкіндік берілді. Бұған аймақта ауру жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі себеп. Өткен аптада тәулігіне 400 адамнан кесел анықталса, бүгін 175 науқастан індет шыққан. Дегенмен бұл жеңілдіктердің бәрі сырқаты жоқ адамдарға ғана қатысты. 

Еркенұр Арынова, Қарағанды облысы санитария-эпидемиология  бақылау департаментінің маманы:

- Мәртебесі қауіпсіз емес тұрғындар үшін  адамдар жаппай жиналатын іс-шараларға, мерекелік , спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларға, семинарларға, отбасылық, атаулы іс-шараларға баруға тыйым салынады.

Бір ай бойы «сары» аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысында да тіршілік қайта жанданатын болды. Бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетіледі. Демалыс күндердегі локдаун алынады. Сауда нысандары, спорттық кешендер және моншалар қалыпты жағдайда жұмыс істейтін болды. Дәмханаларға да адам санын 50-ден асырмай қабылдауға рұқсат етілді.   

Әсет Жұматаев, СҚО санитария-эпидемиология бақылау департаментінің басшысы: 

Өңірде эпиджағдайдың тұрақталғанын байқап отырмыз. Соңғы екі аптада, яғни 13 қыркүйектен бастап облыста 1053 жағдай тіркелген. Осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13-тамыз бен 12-қыркүйек аралығында сырқаттану  1,2 пайызға төмендеді.

Аймақта 100 ден аса оқушының вирусқа шалдыққан. Қазір 150-ге жуық сынып карантинге жабылған.

Алматыда 48 студенттен коронавирус анықталыпты. Сөйтіп 24 топ карантинге жабылған. Ал корнонавирус диагнозы расталған студенттердің үшеуі Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алады. Осыған байланысты оқу орны бірінші курсттың шәкірттерін түгел қашықтан оқуға жіберді. 

Сәдуақас Байғабылов, Алматы қаласы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Індетке шалдыққан 48 студентпен байланыста болған 288 адам анықталды. Олардың бәрі ПТР-тест тапсырды. Қорытындысы теріс шықты. Біз тек індет анықталған студент оқитын топтарды 14 күндік карантинге жібереміз.

Елде бір тәулікте 1719 адамнан короновирус анықталған. Індет жұқтыру көрсеткішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары көш басында тұр. Ал Маңғыстау облысында бір күнде небәрі екі адам кеселге шалдыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде