{metadescription}
Тоқаев аймақ басшыларына ескерту жасады
Тоқаев аймақ басшыларына ескерту жасады

Тоқаев аймақ басшыларына ескерту жасады

Әкімдер есеп берсін! Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру жұмысын кешеуілдетіп жатқан аймақ басшыларына ескерту жасады. Ал шағын және орта бизнестің жұмыс істеуіне кедергілер сол күйі азаймаған.

Мәселені тек адами факторды жою арқылы шешуге болады дейді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Цифрлық дамудың маңызды бағыттарының бірі – жер учаскелері, құрылыстың негізгі жоспарлары, қолжетімді қуат, коммуникация және басқа да ақпаратты цифрландыру. Бұл өндірістің негізгі факторлары. Онсыз бизнесті жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар бұл ақпарат аса құпия. Аймақтық деңгейдегі жұмыс белгілі себептерге байланысты шегерілуде. Басты себеп – танымал компанияларға болысу, оларға жер мен басымдық беру. Ал шағын және орта бизнестің жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмейді.

Қазақстанда қазірдің өзінде автоматтандыру себебінен жұмыс орындарының 52 пайызына жабылу қаупі төніп тұр. Тоқаев сол себепті бұл мәселені Үкімет қатаң бақылау керек дейді және цифрландыру комиссиясының алдағы отырысында қарастыруды тапсырды. Қайта жаңғыру жұмыстары бизнес өкілдерінің арасында болатын сыңайлы. Өйткені 10 жылдан кейін жұмыс күшінің үштен бір бөлігіне жаңа буын өкілдері келмек. Президент жас мамандар цифрлық дағдыларды меңгерген және ерекше қабілеттерінің арқасында өз істеріне белгілі бір үлес қосады деп сенеді. Мемлекет басшысы былтыр пандемия басталғанда бизнестің жан-жақты көрсеткен қолдауын айтып өтті. Дегенмен бұрынғы өмірге қайта оралу әлі де мүмкін болмай отырғаны Тоқаевтың жанына батады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Осы күрделі кезеңдегі басты міндет – адамдардың денсаулығын сақтау және толыққанды кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру шараларын тең ұстай білу. Бұл жаппай вакциналау есебінен ғана мүмкін. Бүгін мүмкіндікті пайдалана отырып, өз сөзімді кәсіпкерлік қоғамдастығына, оның ішінде бизнес иелеріне, басшылық пен қызметкерлерге арнамақпын. Бұл ретте еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, экономиканың толық іске қосылуы, тұрғындар табысының қалпына келтірілуі, сондай-ақ ең бастысы, жақындарымыздың денсаулығы туралы сөз болып отыр. Қазақстанда тиімді, қауіпсіз және тегін вакциналар бар. Сіздердің түсіністік танытып белсенді жұмыс істегендеріңіз маңызды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.