{metadescription}
Ет қымбаттады, тағы қымбаттайды. «Етті енді түсімізде көреміз»
Ет қымбаттады, тағы қымбаттайды. «Етті енді түсімізде көреміз»

Ет қымбаттады, тағы қымбаттайды. «Етті енді түсімізде көреміз»

Елімізде ет бағасы шарықтады. Әсіресе қой еті жыл басынан бері 14 пайызға өскен. Сиыр және жылқы еті де айтарлықтай қымбаттады.  Мал өсірушілер  мен алыпсатарлар күн суытқанда бағаның тағы да көтерілетінін айтады.

Өйткені ала жаздай қуаңшылық қысқан төрт түлікті күтіп баптау қымбатқа түседі. Ал бағаның аспандауынан халық арасында етке деген сұраныс азайған.  

10 жылдан бері ет сатып нәпақасын айырған Айдос Арысбеков бағаның күн санап құбылуы кәсіпкерлерге де қиындық туғызып жатқанын айтады. Өйткені сөреде тұрған етке халықтың қызығып қарағаны болмаса, соңғы уақытта сатып алушылардың қарасы азайыпты. Мұны сарапшылар да жоққа шығармайды. Жыл басынан бері елде ет тұтынатындар қатары 10 пайызға кеміген.  

Айдос Арысбеков, кәсіпкер:

- Бұрын үш 1-2 рет қымбаттайтын,  қазір апта сайын қымбаттап жатыр. Сиыр еті  2400-2500 теңгеден басталып үш мыңнан асады. Сүйекті, сүйексіз дегені бар, соған байланысты. Бүгінгі нарықта қой еті 2400-2600-ден. Ең қымбаты –  жылқы еті, ол үш мың теңгеден жоғары.  

Қарапайым кәсіпкерлер ет бағасының шарықтауын жем-шөп пен жанармайдың қымбаттауымен байланыстырады. «Шарасыз фермерлер көтерме бағаға теңге қосуға мәжбүр» -  дейді базардағы жұрт.

Соның кесірінен сегіз айда ет бағасы 7 пайызға өсіпті. Әсіресе қойдың құны артып, келісі 14 пайызға көтерілген. Халық көп тұтынатын сиыр еті – 9, ал жылқы еті 9 пайызға қымбаттаған. Алайда сарапшылар бағаның бейберекет кетуіне екі ортадағы алыпсатарларды кінәлайды.

Сағынғазы Құрманалин, сарапшы:

- Бағаның көтерілуі алыпсатарлардың әрекетімен байланысты деуге толық негіз бар. Себебі: еттің нарықтағы көтерме құнында өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Мәселен, сиыр етінің көтерме бағадағы келісі 1650 және 1800 теңге аралығында.  Фермерлер жылқы етін 2200 теңгеге бағаласа, қой еті 1800 теңгеден сатылады.

Кәсіпкерлер мен сарапшылардың уәжі қабыспағанымен, шаруа қожалықтарынан тікелей ет  таситындар базардағы баға тағы аспандайтынын айтады.

Айдос Арысбеков, кәсіпкер:

- Фермерлердің сөзіне қарайтын болсақ, ет қымбататуы мүмкін. Неге десеңіз, жайылымда жүрген малдардың бәрін шөп болмаған кезде жиналған шөпті береміз. Қазір ол қымбат. Сол себепті ет тағы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Жыл басынан бері ішкі нарықта 43 мың тонна ет өндіріліпті. Оның өзі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда төрт пайызға азайған. Ал базар жағалаған қараша: «Бүйте берсек, етті түсімізде көреміз бе?» деп қынжылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде