{metadescription}
Павлодарда спорт мектебінің күл-талқаны шықты
Павлодарда спорт мектебінің күл-талқаны шықты

Павлодарда спорт мектебінің күл-талқаны шықты

Павлодарда спорт мектебінің шатыры опырылып ортасына түсті. Бокс үйірмесі өтетін нысанның әп-сәтте түгі қалмаған.

Оқыс оқиға бүгін күндізгі сағат он шамасында болған. "Батыр" спорт мектебіндегі бетон плита опырылып түскен. Залдың едені қақырап, терезесі сынып, қабырғалары да жарылыпы. Онда 6-18 жас аралығындағы балалар жаттығады. Абырой болғанда оқыс оқиға кезінде ғимараттың ішінде ешкім болмаған. Қирап қалған ғимараттың төбесі 37 жыл бұрын жөнделіпті. Спорт мектебінің аумағында бұған дейін көлік базасы болған екен. Қазір ғимаратты полиция қоршауға алып анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Нұрлан Есембаев, Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары

Төтенше жағдай департаментінен комиссия құрылды. Арнайы мамандарды шақырдық. Олар зерттеу жүргізеді. Оқыс оқиға кезінде спорт залының  ішінде ешкім болған жоқ. Бәрінің анық-қанығын білген соң хабарлап айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде